Жуалы аудандық референдум комиссиясының хабары
Жуалы ауданы әкімінің аппарат басшысы Қойбақов Серік Дүйсенбайұлы және аудандық референдум комиссиясының төрайымы Алтыбаева Нұрзия Бахторазқызы Жуалы ауданындағы референдум учаскелерді аралау барысында аумақтағы референдум учаскелерінің саяси науқанға дайындық барысын зерделеді.
Аумақтағы №180, 181, 182, 183, 184, 185, 186, 187, 188, 189, 190, 191, 192 референдум учаскелерінде болып, референдум комиссияларының төраға-төрайымдарымен пікір алмасты.
Серік Дүйсенбайұлы референдум комиссияларының басшыларына маңызды саяси науқанның жоғары деңгейде өткізілуін жан-жақты қамтамасыз етуді тапсырды.
Аталған референдум учаскелері мүмкіндігі шектеулі жандар үшін пандустармен, тактильді жолақтармен, трафареттермен, ұлғайтқыштармен қамтылып, үйден дауыс беру және қажет жағдайда инватакси қызметтерімен де қамтылған.