Жуалы ауданының Көкбастау ауылдық округі әкімін
сайлауын тағайындау туралы
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабы 1-тармағы 2-тармақшасына сәйкес Жуалы аудандық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
- Жуалы ауданында 2022 жылғы 10 шілдеге Көкбастау ауылдық округі әкімін сайлауы тағайындалсын.
- 2022 жылғы 10 шілдеге тағайындалған Жуалы ауданының Көкбастау ауылдық округі әкімін сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы шешім Жуалы аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Jana omir -Новая жизнь» газетінде жариялансын.
Жуалы аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы Н.Алтыбаева
Жуалы аудандық сайлау
комиссиясының хатшысы Б.Данияров