Меню

Страницы

Статья

Учаскелік референдум комиссияларының мүшелерін оқыту бойынша семинар-кеңес өткізілді

Учаскелік референдум комиссияларының мүшелерін

 оқыту бойынша семинар-кеңес өткізілді

 

2022 жылдың 24 мамырында Жуалы аудандық референдум комиссиясының ұйымдастыруымен учаскелік референдум комиссияларының мүшелерін оқыту бойынша семинар-кеңес өткізілді.

Жуалы аудандық референдум комиссиясының төрайымы Алтыбаева Нұрзия Бахторазқызы семинар-кеңесті ашып, жүргізіп отырды.

«Республикалық референдум: құқықтық негіздері мен референдум комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» оқу-әдістемелік кешен бойынша Жуалы аудандық референдум комиссиясының хатшысы Данияров Бақытжан Есентайұлы баяндама жасады. Ол «Референдум комиссияларының жұмысын ұйымдастыру, республикалық референдумда дауыс беру және республикалық референдумның дауыс беру қорытындыларын анықтау тәртібі» тақырыптарға кеңінен тоқталып, комиссия мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.  

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы № 12/199 қаулысымен бекітілген «Сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беру пунктін жарақтандыру жөніндегі нұсқаулық» бойынша учаскелердің дайындығы туралы егжей-тегжей талдауымен ұйымдастыру жұмыстарының барысына талқылау жүргізіліп, аудандық референдум комиссиясының мүшелері тарапынан учаскелерді аралау нәтижесінде анықталған кемшіліктерді жою жұмыстары учаскелер төраға/төрайымдеріне тапсырылды.  Алдағы жұмыстар Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының  2022 жылғы 6 мамырдағы №32/482 қаулысымен бекітілген «2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған Республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарына» катаң сәйкестікпен атқару керек екендігі айтылды.

 

Жуалы аудандық референдум комиссиясы

Дата публикации
24 мая 2022
Дата обновления
24 мая 2022
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы