Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп іс-шара атқарылды
2022 жылға арналған аумақтық сайлау комиссиясының сайлау процесіне қатысушыларды электораттық оқытудың күнтізбелік жоспарына сәйкес 2022 жылдың 31 наурызында аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін, ауылдық округ әкімдері аппараттарының қызметкерлерін жеке тұлғалар мемлекеттік дерекқоры базасындағы бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, сайлаушылар тізімін қалыптастыру бойынша оқыту ұйымдастырылды. Бұл іс-шара аудандық әкімдікпен бірлесіп атқарылды. Оқытуды Жуалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімшесінің жоғарыда аталған жүйесімен жұмыс істеу бойынша жауапты бас маманы Мәден Нұрислам Нұрсұлтанұлы жүргізді.