Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы №197, №203
учаскелік сайлау комиссияларымен бірлесіп және учаскелік сайлау комиссиялары «Конституциялық таңдау және сайлану құқығы» тақырыбында жоғары сыныптағы мектеп оқушыларымен «сынып сағаттарын» өткізді
Аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерінің ұйымдастыруымен аудандағы 17 мектептердегі жоғары сынып оқушыларымен – болашақ сайлаушылармен - «Конституциялық таңдау және сайлану құқығы» тақырыбында «сынып сағаттары» өткізілді.
Іс-шараны Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы №197, №203 учаскелік сайлау комиссияларымен бірлесіп және 15 учаскелік сайлау комиссиялары өткізді.
Аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларымен «Таңдау және сайлану конституциялық құқығы» тақырыбындағы сынып сағаттары Қазақстан Республикасы Конституциясының 33 бабының 2 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік органдар мен жергілікті өзің-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы бар екендігі туралы ақпаратты болашақ сайлаушыларға жеткізу, олардың сайлау туралы хабардар болу деңгейін арттыру, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру, сайлау арқылы мемлекеттік және жергілікті істерді басқару мәселелеріне қызығушылығын арттыру, оларға дауыс беруге саналы түрде қатысуға жағдай жасау мақсатында өткізілді.
Сынып сағаттарын аудандық сайлау комиссиясының төрайымы Нұрзия Алтыбаева, аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Бақытжан Данияров, учаскелік сайлау комиссияларының төраға/төрайымдері ашып, жүргізіп отырды. Олар алдымен 3 ақпанына – Дүниежүзілік сайлау күніне - орай осының алдында бірнеше іс-шаралар өткізілгендігі туралы айта келе, осы айтулы күннің шығу тарихына тоқталды.
«Конституциялық таңдау және сайлану құқығы» аясында келесідей түсіндіру жүргізілді:
Сайлау және сайлану құқығы Қазақстан Республикасы азаматының ең басты саяси құқығы. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Конституциясының 33-бабында айтылады. Сайлауға қатысу әркімнің ерік білдіру бостандығы болып табылады. Сонымен қатар, сайлауға қатысу кез келген азаматтың азаматтық борышы. Әрбір мемлекет сайлауға азаматтардың басым көпшілігінің қатысуына жағдай туғызады. Сайлауға қатысу – азаматтардың бейқам бақылаушы емес, өз елі үшін жаны ауыратындығының көрсеткіші. Бейқамдық пен қатыспаушылық жағымсыз құбылыстарға жол ашады.
Одан бөлек, сайлау тарихы, сайлау әділеттілігі, әрбір дауыстың маңыздылығы мен рөлі, сайлау еркіндігінің кепілдіктері, кандидаттар қызметінің сайлау науқаны барысындағы кепілдіктері, мемлекеттік органдардың сайлау бостандығын қамтамасыз ету жөніндегі қызметі және Қазақстан Республикасы сайлау құқығының қағидаттары туралы толық түсіндірілді. Сондай-ақ, жалпыға бірдей, тең, жанама сайлау құқығы, жасырын дауыс беру қағидаттарына шолу жасалынды.
Әрі қарай сұрақ-жауап кезеңінде оқушылар сайлауға қатысты қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты әрі тиянақты жауап алды.