Меню

Страницы

Статья

Жуалы аудандық сайлау комиссиясымен №16 «Жуалы» кәсіби-техникалық колледжінің білімгерлерімен және еңбек ұйымдарының жұмыскерлерімен – жас сайлаушылармен - «Конституциялық таңдау және сайлану құқығы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді

Аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерінің ұйымдастыруымен  Ақбастау ауылындағы №16 «Жуалы» кәсіби-техникалық колледжінің білімгерлерімен және еңбек ұйымдарының жұмыскерлерімен – жас сайлаушылармен - «Конституциялық таңдау және сайлану құқығы» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы өтті.

Отырысқа аудандық орталық аурухананың профилактика бөлімінің психологы Абылайхан Бауыржан Абылайханұлы, стоматология бөлімінің медбикесі Қалдыбекова Қолғанат, лаборатория бөлімінің лаборанты Садыков Дамир Ерболатұлы, аудандық «Бурное» сүт компаниясының сатушысы Байбосынов Мадияр Шәріпжанұлы және жоғарыда аталған колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бекбаев Рахат Сейдильдаевич, колледж білімгерлері қатысты.

Шараның мақсаты – болашақ жас сайлаушыларға Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы бар екендігі туралы ақпаратты жеткізу. Сонымен қатар, жастардың азаматтық жауапкершілігін қалыптастырып, сайлау арқылы мемлекеттік және жергілікті істерді басқару мәселелеріне қызығушылығын арттырып, оларға дауыс беруге саналы түрде қатысуға жағдай жасау.

Жиынды әдеттегідей аудандық сайлау комиссиясының төрайымы Нұрзия Алтыбаева ашып, жүргізіп отырды. Ол алдымен 3 ақпан – Дүниежүзілік сайлау күніне - орай өткізілген шаралар туралы айта келе, осы айтулы күннің шығу тарихына тоқталды.

«Конституциялық таңдау және сайлану құқығы» аясында келесідей түсіндіру жүргізілді:

Сайлау және сайлану құқығы Қазақстан Республикасы азаматының ең басты саяси құқығы. Бұл туралы Қазақстан Рееспубликасының Конституциясының 33-бабында айтылады. Сайлауға қатысу әркімнің ерік білдіру бостандығы болып табылады. Сонымен қатар сайлауға қатысу кез келген азаматтың азаматтық борышы. Әрбір мемлекет сайлауға азаматтардың басым көпшілігінің қатысуына жағдай туғызады. Сайлауға қатысу – азаматтардың бейқам бақылаушы емес, өз елі үшін жаны ауыратындығының көрсеткіші. Бейқамдық пен қатыспаушылық жағымсыз құбылыстарға жол ашады.

Одан бөлек, сайлау тарихы, сайлау әділеттілігі, әрбір дауыстың маңыздылығы мен рөлі, сайлау еркіндігінің кепілдіктері, кандидаттар қызметінің сайлау науқаны барысындағы кепілдіктері, мемлекеттік органдардың сайлау бостандығын қамтамасыз ету жөніндегі қызметі және Қазақстан Республикасы сайлау құқығының қағидаттары туралы толық түсіндірілді. Сондай-ақ, жалпыға бірдей, тең, жанама сайлау құқығы, жасырын дауыс беру қағидаттарына шолу жасалынды.

Әрі қарай сұрақ-жауап кезеңінде білімгерлер сайлауға қатысты қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты әрі тиянақты жауап алды.

Дата публикации
22 февраля 2022
Дата обновления
22 февраля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы