Меню

Страницы

Статья

Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы №201, №473 учаскелік сайлау комиссияларымен бірлесіп және учаскелік сайлау комиссиялары «Конституциялық таңдау және сайлану құқығы» тақырыбында жоғары сыныптағы мектеп оқушыларымен кездесу өткізді

Дүниежүзілік сайлау күніне арналған Жуалы аудандық сайлау комиссиясының іс-шаралар жоспарына сәйкес 2022 жылғы 8 ақпанда Жуалы аудандық аумақтық комиссиясы мен №201, №473  учаскелік сайлау комиссиялары бірлесіп және 14 учаскелік сайлау комиссиялары «Конституциялық таңдау және сайлану құқығы» тақырыбында жоғары сыныптағы мектеп оқушыларымен кездесу өткізді.

Жуалы ауданның сайлау органдарының бірыңғай жүйесін 1 аудандық аумақтық және 39 учаскелік сайлау комиссиялары құрайды, олардың жалпы саны 236 адам, оның ішінде 7 аумақтық және 229 учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері.

Аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларымен «Таңдау және сайлану конституциялық құқығы» тақырыбындағы кездесу Қазақстан Республикасы Конституциясының 33 бабының 2 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы бар екендігі туралы ақпаратты болашақ сайлаушыларға жеткізу, олардың сайлау туралы хабардар болу деңгейін арттыру, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру, сайлау арқылы мемлекеттік және жергілікті істерді басқару мәселелеріне қызығушылығын арттыру, оларға дауыс беруге саналы түрде қатысуға жағдай жасау мақсатында өткізілді.

Іс-шараны өткізудің негізгі міндеті – сайлаудың негізгі демократиялық қағидаттар мен постулаттарды Қазақстан Республикасы азаматтарының санасына сіңірудегі рөлін ашу, жас сайлаушылардың өз құқықтарын білуі және түсінуі, Конституция кепілдік берген демократиялық бостандықтарды жүзеге асыру аясында  тікелей немесе өзінің еркін сайланған өкілдері арқылы мемлекетті басқаруға қатысу мүмкіндігі болып табылады.

 Іс-шараға учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері мен 10 -11 сыныптағы мектеп оқушылары қатысты.

Іс-шараның барысында аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының төраға/төрайымдері келесі 7 тақырыпта баяндама жасады:

  1. Сайлау тарихы
  2. Сайлау әділеттілігі
  3. Әрбір дауыстың маңыздылығы мен рөлі
  4. Сайлау еркіндігінің кепілдіктері
  5. Кандидаттар қызметінің сайлау науқаны барысындағы кепілдіктері
  6. Мемлекеттік органдардың сайлау бостандығын қамтамасыз ету жөніндегі қызметі
  7. 7. Қазақстан Республикасы сайлау құқығының қағидаттары

7.1 Жалпыға бірдей сайлау құқығы

7.2 Тең сайлау құқығы

7.3 Жанама сайлау құқығы

7.4 Жасырын дауыс беру»

Барлық осы іс-шарамен қамтылған білім ошақтарында жасалған баяндамалардан кейін мектеп оқушылары тарапынан сұрақтар қойылып, қойылған сұрақтарға аудандық сайлау комиссиясының төрайымы Н.Алтыбаева, хатшысы Б.Данияров және учаскелік сайлау комиссияларының төраға/төрайымдері толық жауап берді.

            Мектептерде өткізілген іс-шараны қорытындылай келе, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы және учаскелік сайлау комиссияларының төраға/төрайымдері іс-шараға қатысушыларға алғысын білдіріп, өткізілген іс-шара өз мақсаты мен міндетіне жеткеніне сенімдерін білдірді.

Дүниежүзілік сайлау күні аясында өткізілген «Таңдау және сайлану конституциялық құқығы» тақырыбындағы кездесу іс-шарасы ү.ж. 8 ақпаныңда 16 учаскелік сайлау комиссияларында өткізілді (№181, №183, №184, №187, №192, №197, №198, №199, №200, №201, №203, №205, №207, №210, №211, №473 сайлау учаскелері).

Аумақтық және учаскелік сайлау комиссиялары «Таңдау және сайлану конституциялық құқығы» тақырыбындағы кездесуді аудандық білім бөлімімен (келісім бойынша) бірлесіп өткізді.

Дата публикации
08 февраля 2022
Дата обновления
08 февраля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы