Іс-шараның мақсаты мен міндеттері - аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларында «Ашық есік күні» Дүниежүзілік сайлау күні аясында құқықтық, ең алдымен, сайлау мәдениетін арттыру, сайлаушылардың сайлау туралы хабардар болу деңгейін арттыру, дауыс беруге саналы түрде қатысуға жағдай жасау, сайлаушылардың азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру, сайлау арқылы мемлекеттік және жергілікті істерді басқару мәселелеріне сайлаушылардың қызығушылығын арттыру болып табылады.
Іс-шараны өткізу барысында келесі міндеттер дәйекті түрде шешілді:
- іс-шараға қатысушыларды аудандағы сайлау комиссияларының жүйесімен, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының өкілеттіктерімен таныстырылды;
- іс-шараға қатысушыларды аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерімен таныстырылды;
- сайлаушылардың сайлау құқықтарын жүзеге асыруға саналы көзқарасын қалыптастыруға ықпал етілді.
Жуалы аудандық аумақтық комиссиясы өткізген «Ашық есік күні» іс-шарасына қатысқандар:
Іс-шараның барысында аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы 5 тақырыпта баяндама жасады:
Баяндаманы талқылау барысында шақырылғандар тарапынан сұрақтар қойылып, қойылған сұрақтарға аудандық сайлау комиссиясының төрайымы Н.Алтыбаева және хатшысы Б.Данияров толық жауап берді.
Іс-шараны қорытындылай келе, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Н.Алтыбаева іс-шараға қатысушыларға алғысын білдіріп, өткізілген іс-шара өз мақсатына жеткеніне сенім білдірді.
Аумақтық сайлау комиссиясы Дүниежүзілік сайлау күніне орай бұдан басқа бір қатар іс-шараларды даярлап, у.ж. ақпан айының ішінде түрлі форматтарда өткізуді жоспарлап отыр .
Іс-шаралар тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихымен тығыз байланысты елдің сайлау жүйесінің қалыптасу және даму кезеңдері туралы жұртшылықты ақпараттандыруға, сайлаушылардың электораттық белсенділігін арттыруға және жас сайлаушылардың демократиялық құндылықтарды ұстануын қалыптастыруға бағытталған.
Дүниежүзілік сайлау күніне арналған «Ашық есік күні» іс-шарасы ү.ж. 3 ақпаныңда 14 учаскелік сайлау комиссияларында да осыған ұқсас сценарий бойынша өткізілді (№184, №187, №192, №197, №198, №199, №200, №201, №203, №205, №207, №210, №211, №473 сайлау учаскелері).
Аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларында Дүниежүзілік сайлау күні аясындағы «Ашық есік күні» іс-шарасы аудандық ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығымен (келісім бойынша) бірлесіп өткізілді.