Меню

Страницы

Статья

Ауданның 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы

2021 жылдың қаңтар – қыркүйек айларында атқарылған шаралардың нәтижесінде ауданның негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы қамтамасыз етілді.      

Ауданымыздың жалпы ішкі өнімінің көлемі есепті мерзімге 47 млрд. 855,1 млн. теңгені құрап, (2020 жылы 43 401,9 млн. теңге) былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10,2 пайызға артты.

Жалпы ішкі өнімнің құрылымында өнеркәсіп үлесі 19,6%, ауыл шаруашылығы жалпы шығарылымы 59,7 %, құрылыс жұмыстарының көлемі 8,6%, сауда айналымы 12,1%-ды құрайды.

Есепті мерзімге ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарымы 28 млрд. 561,3 млн. теңгені құрады (оның ішінде: өсімдік шаруашылығы өнімі 14 248,9 млн. тг.; мал шарушылығы өнімі 14 308,7 млн. теңге), (2020 жылдың 9 айында 26 205,3 млн. теңге) немесе нақты көлем индексі 100,8 пайызды құрады.

Аудан жерінің жалпы көлемі 413 698 га., оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 216 334 га. бұның егістігі 95 447 га., (суармалысы 8 460 га.) жайылымы 114 559 га. мен шабындығы 2 046  га. құрайды.

Бұлардан басқа, жер санаттары бойынша елді-мекендерде 32 551 га., өнеркәсіп, көлік, байланыс және ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жерлер 4 383 га., орман қоры 103 861 га., ерекше қорғалатын аймақтардың жерлері 10 633 га., су қоры 8 615 га., босалқы жерлер 37 321 га. құрайды.

Егін шаруашылығы: 2021 жылдың өнімі үшін 59 090 га (2020 жылы 57 226 га) алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Оның ішінде:

- 29 076 га арпа; 

- 3 705 га көп жылдық шөп;

- 22 071 га майлы дақылдар;

- 717 га көкеніс, бақша;

- 861 га жүгері;

- 2 660 га. картоп.

Астық ору науқаны. 2021 жылдың өнімі үшін егілген 39 174 га алқапқа орналасқан масақты дәнді дақылдарды ору жұмыстары аяқталды, әр гектардан алынған орташа өнімділік 12,6 ц/га, жалпы түсімі 49 359 тонна.

Оның ішінде: Күздік бидай 10 098 га, орташа өнімділік 13,0 ц/га, жалпы түсімі 12 925 тонна; Жаздық арпа 29 076 га, орташа өнімділік 12,5 ц/га, жалпы түсімі 36 434 тонна. Астық ору науқанына 113 комбайн қатысты.

Жанар-жағар май бойынша. 2021 жылдың көктемгі және күзгі дала жұмыстарына қажетті кепілдендірілген дизель отынын тарату қызметтерін атқаратын «Ақ қайың» ЖШС-гі.

Күзгі дала жұмыстарына жоспар бойынша 1 690 тонна кепілдендірілген дизель отыны бөлінді. Шілде айында - 520 тонна, тамыз айында – 585 тонна, қыркүйек айында –325 тонна және қазан айында – 260 тонна. Бүгінгі күнге, қыркүйек айына қаражаты аударылған 325 тоннаның жеткізілгені 294 тонна, 100 тоннасы таратылды, қалдық 194 тонна. Тарату бағасы, 1 литрі 188 теңгеден.  

Техника: Жуалы ауданы агроқұрылымдар мен шаруашылықтарда бүгінгі күнге 627 тракторлар, 185 комбайндар, 784 тіркемелер тіркелген. Барлығы 1 596 дана.

Мал шаруашылығы: 2021 жылдың 1 қазанына мүйізді ірі қара 49 826 бас (2020 жылы 48 264 бас), қой-ешкі 233 367 бас (2020 жылы 225 669 бас), жылқы 11 785 бас (2020 жылы 10 920 бас), шошқа 78 бас  (2020 жылы 245 бас), құстар 127 579 бас (2020 жылы 125 184 бас). Мал басы 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 3,2 пайызға, қой мен ешкі 3,4 пайызға, жылқы 7,9 пайызға, құстар 1,9 пайызға артып отыр.

Мал өнімдері бойынша 2021 жылдың 1 қазанына ет өндіру тірі салмақпен 10 196,9 тн. (2020 жылы 9 864,5 тн.), сүт өндіру 39 371,8 тн. (2020 жылы 38 239,8 тн.), тұқым 7 366,0 мың дана (2020 жылы 7 176,6 мың дана) өнім алып, 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ет өнімі 3,4 пайызға, сүт өнімі 3,0 пайызға және тұқым өнімі 2,6 пайызға артты.

Өнеркәсіп

Жуалы ауданында бірқатар өндіріс ошақтары жұмыс жасап, нәтижесінде өнеркәсіп өнімдерін шығарып отырған кәсіпорындар 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында        9 407,9 млн. теңгенің өнімдерін өндіріп, (2020 жылы 7 899,1 млн. теңге) өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өндірілген өнімнің нақты көлем индексі 100,3 пайызға орындалды.

2021 жылдың 1 қазанына аудан көлемінде статистикалық деректерге сәйкес 5 116 кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, оның ішінде 2 орта, 224 шағын кәсіпорындар (заңды тұлғалар), 2 408 жеке кәсіпкерлер және 2 482 шаруа қожалықтар, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тіркелген кәсіпкерлік субъектілері 4,2 пайызға артқан. Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілері 4 760, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,8 пайызға артып отыр. Осы кәсіпкерлік субъектілерінде барлығы 9 552 адам жұмыс атқаратын болса, соның ішінде 244 адам орта кәсіпорындарда, 2 925 адам шағын кәсіпорындарда, жеке кәсіпкерлікте 3 415 адам, шаруа қожалықтарында 2 968 адам  жұмыс жасайды. Жалпы тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің есепті мерзімге 4 760-ы, немесе 93,0 пайызы жұмыс істеуде.

Аудан бойынша 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында    2 274,4 млн. теңгенің (2020 жылдың 9 айында 2 001,8 млн теңге) бөлшек саудасы жасалып, 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 105,9 пайызға орындалған.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіру бойынша: Ауданда бүгінгі күнге 4 шағын микрокредиттік ұйымдар  кәсіпкерлік субъектілеріне несие тарату қызметімен айналысады. 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында осы ұйымдар барлығы 2 316 адамға 2 173,6 млн. теңгеге несие таратты, оның ішінде:

«KazMicroFinance» ЖШС-ның Жуалы ауданындағы бөлімшесімен 1 689 адамға 1 335,0 млн. теңге несие берілді.

«Жуалы несие серіктестігі» ЖШС-мен 47 адамға 452,4 млн. теңге несие берілді.

«Азия несие қоры» ЖШС-гі 395 адамға 175,0 млн.теңге несие берді.

«Арнұр-Кредит» ЖШС-гі микрокредиттік ұйымымен 185 адамға 211,2 млн. теңге несие берілді.

«Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту жаңа өндіріс құруға, жұмыс істеп тұрған өндірісті жаңғыртуға және кеңейту бағытында 2 жоба қолдау тапты.

Олар: Билікөл ауылдық округінен «Береке» ШҚ-ның өндірістік инфрақұрылым (электр желісі) жүргізу  мақсатында құжаттары толығымен жинақталып, өңірлік үйлестіру кеңесінде қаралып, оң шешімін алды. 2021 жылдың республикалық бюджеттен қаржысы қарастырылды. Жоба құны 27,8 млн.теңгені құрайды.

«Қаралма» тау-шаңғы спорт кешенінің инвесторы «Таразстрой-2004» ЖШС-ның өндірістік инфрақұрылым (сумен жабдықтау және кәріз жүйесін) жүргізу  мақсатында құжаттары толығымен жинақталып, өңірлік үйлестіру кеңесінде қаралып, оң шешімін алды. Бұдан әрі, жобаны респбуликалық бюджеттен қаржыландыру мақсатында тиісті басқарма басшыларымен ҚР ҰЭМ-де жобаның тиімділігі қаралып, мақұлданды. Жалпы жоба құны 583,4 млн.теңгені құрайды.

Құрылыс

Мәдениет саласы бойынша 2020 жылдан 2021 жылға өтпелі Нұрлыкент ауылындағы 180 орындық мәдениет үйінің ғимаратының құрылысының екінші кезеңіне 53 770,0  мың теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталып пайдалануға берілді.

 «Елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту» бойынша бес ауылға Қошқарата, Көлтоған, Ертай, Шақпақата, Т.Дүйсебайұлы ауыз су құрылысына 2 417 793,0 мың теңге қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары аяқталу үстінде. Аталған нысандардың қабылдау жұмыстары жүргізілуде (Қошқарата, Көлтоған және Т.Дүйсебай ауылдары).  

«Газ тасымалдау жүйесін дамыту» бағдарламасына  Билікөл ауылдық округіндегі 4 елді мекенге: Қарабастау, Жылыбұлақ, Дарбаза, Әбдіқадыр ауылдарын газдандыруға аудандық бюджеттен 36 896,0 мың теңге қаралып, ЖСҚ әзірлеу үшін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс жарияланды. Мердігер анықталып жұмыстар жалғасын табуда.

2021 жылдың қаңтар – қыркүйек айларында құрылыс жұмыстарының көлемі 4 112,9 млн. теңгені құрап, (2020 жылы 4 096,6 млн. теңге) былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 100,5% пайызға орындалды.

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 5 800,9 млн. теңгені құрады (2020 жылы 5 915,0 млн. теңге), 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 100,0 пайызға орындалып отыр.

Жеке тұрғын үй салушылардың есебінен 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында жалпы алаңы – 11 323 шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлер аула құрылыстарымен бірге қабылданды. Бұл көрсеткіш 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 115,0 пайызға орындалып отыр.

Білім

Бөлімге қарасты жалпы 76 ұйымдары қызмет етеді. Оның жалпы орта білім беретін мектептер саны - 39 (27 -орта, 2 - мектеп-гимназия, 1 - мектеп-лицей, 3 негізгі, 6 бастауыш), 4 мектептен тыс мекеме (№1, №2, №4 Балалар өнер мектептері, Аула клубы), 1 психологиялық - педагогикалық түзету кабинеті, 26 мемлекеттік балабақша, 1 шағын орталық, және 5 жекеменшік балабақша.

2021-2022 оқу жылында 39 мектепте 10 827 бала білім алуда.

2021-2022 оқу жылында аудан бойынша жалпы білім беретін 39 мектептің барлығы компьютендірілген. Аудан бойынша компьютерлердің саны 2 906 дананы құрайды. Аудан бойынша 1 компьютерге 4 оқушыдан келеді.

Аудан бойынша 39 мектепке (100%) телефон байланысы орнатылып кең арналы интернет желісіне қосылған. Білім мекемелерінде барлығы 95 интерактивті тақталар бар.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту: Ауданда 32 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды. Оның ішінде 26 мемлекеттік балабақшада – 2 068 бала, «Айгөлек» шағын орталығында 50 бала, «Еркемай», «Балбөбек», «Айсауле», «Әсем достар», «NU» жекеменшік балабақшаларында - 280 бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылуда. Жалпы – 2 398 бала.

Мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі 1-6 жас аралағында – 95,7%, 3-6 жас аралығында - 100%.

Денсаулық сақтау

2021 жылдың 9 айында ана өлімі болған жоқ, сәби өлімі            4 жағдай орын алды (4,4 промилль) (2020 жылдың осы кезеңінде –  3 жағдай 5,5 промилль).

Себептері: Жазатайымнан болған оқиға және өте төмен салмақпен шала туылған перинатальдық жағдай.

Жалпы өлім жітім 216 жағдай (5,0 промилль) (2020 жылдың осы кезеңінде 212 жағдай 4,9 промилль).

Есепті мерзімге туберкулезбен науқастанғандар саны 10 адам  100 мың адамға шаққанда көрсеткіш 20,0 пайыз (2020 жылдың ІІІ-тоқсанына 11 адам 100 мың адамға шаққанда көрсеткіш 22,0 пайыз).

Спорт

2021 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар саны 18 012 адамды құрады немесе жалпы халықтан 34,0%. Бөлімге бағынысты спорт мектептерінде 3-тоқсанның қорытындысымен 2 175 шұғылданушы оқушылар тіркелді. Бұл Жуалы ауданы бойынша жалпы 7-18 жас аралығындағы балалардың 20,4% құрап отыр.

Жыл басынан бері барлығы 72 спорттық іс-шара ұйымдастырылып, 4 886 аудан тұрғыны қатыстырылды.

Аудан бойынша барлығы 134 спорт нысаны бар. Оның ішінде: 1 орталық стадион, 1 спорт кешені, 12 футбол алаңы, 39 спорт залы, 81 спорт алаңшасы.

Аудан бюджетінің кірісі

Мемлекеттік бюджеттің кірістер жоспары 10 154 524,0 мың теңге болса, нақты орындалғаны 10 621 182,2 мың теңге, немесе 104,6 пайызға орындалды.

Аудандық жергілікті салықтарының жоспары 1 011 451,0 мың теңге болса, нақты түсіп отырғаны 1 458 452,2 мың теңге орындалуы 144,2 пайыз немесе 552 998,8 мың теңге артық түсіп отыр.

 

Аудан бюджетінің шығысы

Есепті мерзімге төлемдер бойынша жоспары 10 355 771,0 мың теңге болса, кассалық атқарылуы 10 232 681,5 мың теңгені құрап отыр, игерілмеген қаржы соммасы 123 085,5 мың теңге немесе атқарылуы 98,8 % - ды құрады.

Әлеуметтік қамсыздандыру

9 айдың нәтижесінде тұрақты жұмыс орындарына 1 368 азамат және уақытша жұмыс орындарына 855 азаматтар жолданды (барлығы 2 223 адам).

2021 жылдың 9 айында жұмыссыз ретінде ресми тіркеуде қалғандар саны 880 адамды құрап, ресми жұмыссыздық деңгейі 3,3 пайыз болып қалыптасты (2020 жылы 9 айда 1 032 адам немесе 3,9 пайыз).

2021 жылы жұмыспен қамту іс-шарасына барлығы 555 236,0 мың теңге бөлініп 316 391,0 мың теңгесі игерілді немесе 57,0 пайыз орындалды (оның ішінде: 500 адам қоғамдық жұмыстарға 409 728,0 мың теңге, 120 әлеуметтік жұмыс орнына 34 919,0 мың теңге, 110 жастар практикасына 47 532,0 мың теңге, 75 жұмыссыздарға қысқа мерзімді кәсіптік оқу курстарына 16 385,0 мың теңге, 80 азаматқа қайтарымсыз грант 46 672,0 мың теңге қаралған).

Ағымдағы жылдың 9 айында атаулы әлеуметтік көмек тағайындау қызметі бойынша өтініш берген 903 отбасының  4 796 адамына 246 409,1 мың теңге көмек тағайындалып төленді.

Мемлекеттік атаулы көмек алушы аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға кепілді әлеуметтік топтамамен (КӘТ) қамту мақсатында 903 отбасының 1-6 жас аралығындағы 1 126 баласы анықталып, 8 айға кепілді әлеуметтік топтамамен қамтылып, 35,6 млн. тенгесі игерілді.

Тұрғын үй көмегін тағайындау қызметі бойынша жылдың      9 айында 96 отбасының өтініштері рәсімделіп 2 646,0 мың теңге көмегі тағайындалып, төленді.

Ішкі істер бөлімі

Есепті мерзімде ауданда жалпы – 98 қылмыстық сипаты бар оқиғалар тіркелсе (2020 ж. бұл мерзімінде 120 деректі құраған)  немесе – 18,3 пайызға төмендеген, ашылу көрсеткіші 67,7 пайызды құрады (2020 ж. бұл мерзімінде 86,7 пайызды құраған).

Орын алған қылмыстардың ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстар саны 24 дерек болса, оның ашылғаны 52,0 пайызды құрады. (2020 жылдың осы мезімінде қылмыстың бұл санаты 35 дерек болған, ашылуы 85,7 пайызды құраған).

Жол полиция тобының жұмысы

2021 жылдың 9 айында жол жүру ережелерін бұзу деректерін анықтау барысында – 1 952 хаттама толтырылды (2020 жылдың осы мерзімінде 1 449 хаттама), оның ішінде 38 жүргізуші көлікті спирттік ішімдік күйде жүргізгені үшін ұсталған.

2021 жылдың 9 айының есеп беру мерзімінде барлығы 37 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Жол көлік оқиғалары салдарынан есепті мерзімге 59 адам әр-түрлі дене жарақаттарын алған, 7 адам қаза болған.

Экономика және бюджеттік

жоспарлау бөлімінің басшысы                        К.Мыктыбекова

Дата публикации
23 ноября 2021
Дата обновления
23 ноября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы