Меню

Страницы

Статья

Жуалы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, халық ұшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 1 қаңтардағы Экологиялық Кодексінің 365 бабы 3 тармағының 2) және 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 01 қыркүйегіндегі № 347 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылы 2 қыркүйекте № 21212 болып тіркелді) және "Халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылы 16 қыркүйекте № 24382 болып тіркелді) сәйкес Жуалы аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жуалы ауданы бойынша қоса беріліп отырған коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Жуалы ауданы бойынша қоса беріліп отырған халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Жуалы аудандық мәслихатының тұрғындардың денсаулығын және қоршаған ортаны, тұрғындардың аз қамтылған бөлігін, мүгедектерді, аналар мен балаларды қорғау, ұлттық және азаматтық келісімді дамыту, білім, жастар ісі, спорт мәселелері жәніндегі тұрақты комиссиясы қамтамасыз ету:

1) осы шешім Әділет министірлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) осы шешім Әділет министірлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін қамтамасыз етсін";

3) осы шешімнің Жуалы аудандық мәслихатының ресми интернет ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жуалы ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
23 ноября 2021
Дата обновления
23 ноября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы