2021 жылғы 9 шілдеде сағат 18.00-де ұсыну кезеңі аяқталды. Жуалы ауданында ауыл әкімдері сайлауы өтетін 4 сайлау округіне 12 кандидат ұсынылды. Олардың 8-зі (66,7%) - саяси партиялармен, 4-уі (33,3%)- өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды.
Саяси партиялар 4 сайлау округі төмендегінше өз кандидатураларын ұсынды: "NurOtan" партиясы-4 кандидат, "Ауыл" ХДПП-1 кандидат, НПК-3 кандидат. "Ақ Жол" ҚДП, "АDAL" КП, ЖСДП кандидатураларын ұсынған жоқ.
Бір орынға орташа бәсекеге қабілеттілік 3 кандидат болды.
Ауыл округі әкімдіктеріне кандидаттардың тіркеу аяқталатын уақытысы: сағат 18.00. 2021 жылдын 14 шілдесі.
Ағымдағы жылғы 9 шілдедегі жағдай бойынша барлық округтерде кемінде екі адам ұсынылды.
Кандидаттар шығып қалған және балама болмаған жағдайда (сайлау округінде екіден кем кандидат), заңнамаға сәйкес ұсыну кезеңі бес күннен аспайтын мерзімге ұзартылатын болады.
Ағымдағы жылдын 10 шілдедегі жағдай бойынша 12 кандидат немесе (100%) тіркелді.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабының 9-тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу нәтижелері туралы ресми ақпарат БАҚ-та жарияланатын болады.