ҚР «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес «Jana omir -Новая жизнь» газеті редакциясы сайлауалды үгіт-насихат материалдарын 0,1 баспа табақтан аспайтын көлемде жариялайды.
Үгіт материалын үміткердің өзі дайындайды.
Үгіт материалын газетке ұсыну үшін тіркелген кандидат немесе оның сенімді өкілінен сұралатын қажетті құжат:
кандидат немесе сенімді өкілдің қолы қойылған жазбаша өтініш береді.
кандидат куәлігі, сенімді өкілдің жеке куәлігі және сенімді өкілдігін растайтын куәлігі қоса болуы қажет.
ҮГІТ МАТЕРИАЛЫН ЖАРИЯЛАУДЫҢ ТӘРТІБІ
Редакция тіркелген кандидаттардың үгіт материалдарын жариялау үшін баспасөз бетінен орын береді. Кандидаттардың газетке шығуының кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу ретімен, егер өтініштер бір мезгілде келіп түссе, материалдардың жариялану реті жеребе бойынша белгіленеді. Жазбаша өтініш редакцияға келіп түскеннен кейін үгіт материалына басылым бетінде лайықты орын берілгені үшін «Jana omir-Новая жизнь» газеті және кандидат мақаланың жариялану ақысы туралы екі жақты келісімшарт жасасады.
Үгіт материалы газет бетінде мақаланың толық төлемі редакцияның есеп шотына жүз пайыз көлемінде түскеннен кейін ғана жарияланады.
Сайлауалды үгіт 2021 жылғы 14 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-басталады және 2021 жылғы 24 шілдеде
жергілікті уақыт бойынша 00.00 сағатта аяқталады.
ҮГІТ МАТЕРИАЛДАРЫН ҰСЫНУДЫҢ ТӘРТІБІ
Кандидаттар немесе олардың өкілдері үгіт материалының мәтінін редакцияға «Jana omir-Новая жизнь» газетінің кезекті саны жарыққа шықпай тұрып, үш күн қалған мерзімге дейін ұсынуы тиіс.
Материалдың мәтіні қағазға басылып шығарылып, оған кандидат немесе оның сенімді өкілі қол қоюы қажет. Сонымен қатар электронды нұсқасы қоса болуы керек. Берілген күні және тіркеу нөмірі көрсетілген материалдың жазбаша нұсқасы редакцияға екі данамен тапсырылып, оған редакция тарапынан қабылданған күні, уақыты, қабылдаған қызметкердің аты-жөні, қызметі жазылып, қол қойылады. Мәтіннің біреуі редакциясында тіркеліп, екіншісін тапсырыс берушінің өзі алып кетуі тиіс.
ҚР «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Конституциялық Заңының талаптарына сай келмейтін үгіт мақалалары жарияланбайды.
ҮГІТ МАТЕРИАЛДАРЫН ЖАРИЯЛАУДЫҢ ТӨЛЕМ ТӘРТІБІ
Жуалы ауданы ауылдық округ әкіміне үміткерлер немесе олардың сенімді өкілі үгіт материалының жариялану құнын 100 (жүз) пайыз төлейді. Төлемақы редакцияның алдын ала келісімшартта көрсетілген есепшотына жүргізеді.
Газет сейсенбі, жұма күндері аптасына екі рет қазақ және орыс тілдерінде шығады. Форматы – D2. Бірінші және соңғы беті түрлі-түсті. Таралымы – 2561 дана.
Үгіт материалдарының төлем мөлшері
- ішкі беттерге 1 (бір) шаршы сантиметр үшін 150 (жүз елу) теңге ҚҚС-сыз.