Меню

Страницы

Статья

Жуалы ауданы  ауылдық округтері әкімдерінің  сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

2021 жылғы 25 маусымда Жуалы ауданы аумақтық сайлау комиссиясының отырысы болып өтті. Онда "2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Жуалы ауданы Боралдай, Қарасаз, Мыңбұлақ және Қызыларық ауылдық округтері әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы" шешім қабылданды.

Ағымдағы жылғы 25 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңға түзетулерге қол қойды. Мұндағы өзгерістер аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауды енгізуді көздейді.

Сайлау заңнамасына сәйкес, аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі жалпыға бірдей, тең, төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің халқы жиырма бес жастан төмен емес Қазақстан Республикасы азаматтарының қатарынан төрт жыл мерзімге қызметке сайлайды.

Аудандық сайлау комиссиясының төрайымы Алтыбаева Нурзия Бахторазовна Күнтізбелік жоспардың негізгі кезеңдері туралы баяндама жасады.

Комиссия төрайымы кандидаттарды ұсыну сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен, яғни 2021 жылғы 26 маусымынан басталып, сайлау өткізілетін күнге он бес күн қалғанда, яғни 2021 жылғы 9 шілдеде жергілікті уақытпен сағат он сегізде, аяқталатынын хабарлады.

Әкімдікке кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау өткізілетін күнге дейін он күн бұрын, яғни 2021 жылғы 14 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде,  аяқталады.

Сайлау қорытындылары аудандық сайлау комиссиясының отырысында учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірілмей белгіленеді.

Отырыстан кейін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өтті. Онда сайлау комиссиясының мүшелері БАҚ сұрақтарына жауап берді.

Дата публикации
28 июня 2021
Дата обновления
28 июня 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы