«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 24 мамырдағы Конституциялық заңның қолданысқа енгізілуіне сәйкес Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі әкімінің кезектен тыс сайлауын тағайындау және осы сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» 2021 жылғы 11 мамырдағы №06 шешімінің күші жойылсын.
Жуалы аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрайымы Н.Алтыбаева
Жуалы аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының хатшысы Б.Данияров
Б.Момышұлы ауылы,
2021 жылғы 4 маусым, №2