2021 жылдың қаңтар – наурыз айларында атқарылған шаралардың нәтижесінде ауданның негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы қамтамасыз етілді.
Ауданымыздың жалпы ішкі өнімінің көлемі есепті мерзімге 9 116,0 млн. теңгені құрап, (2020 жылы 8 567,8 млн. теңге) былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,4 пайызға артты.
Жалпы ішкі өнімнің құрылымында өнеркәсіп үлесі 37,0%, ауыл шаруашылығы жалпы шығарылымы 29,4 %, құрылыс жұмыстарының көлемі 7,0%, сауда айналымы 26,6%-ды құрайды.
Есепті мерзімге ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарымы 3 млрд. 374,3 млн. теңгені құрады (оның ішінде мал шарушылығы өнімі 3 374,3 млн. теңге), (2020 жылдың 3 айында 3 257,2 млн. теңге) немесе нақты көлем индексі 100,5 пайызды құрады.
Аудан жерінің жалпы көлемі 413 698 га., оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 216 334 га. бұның егістігі 95 447 га., (суармалысы 8 460 га.) көп жылдық екпелер 265 га., бөгде жерлер 4 017 га., жайылымы 114 559 га. мен шабындығы 2 046 га. құрайды.
Бұлардан басқа, жер санаттары бойынша елді-мекендерде 32 551 га., өнеркәсіп, көлік, байланыс және ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жерлер 4 383 га., орман қоры 103 861 га., ерекше қорғалатын аймақтардың жерлері 10 633 га., су қоры 8 615 га., босалқы жерлер 37 321 га. құрайды.
Егін шаруашылығы: 2021 жылдың өнімі үшін 58 050 га. алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарланып отыр. Оның ішінде:
- 28 000 га. арпа (2020 ж 27 750 га.);
- 3 700 га. көп жылдық шөп (2020 ж 3 593 га.);
- 21 950 га. майлы дақылдар (2020 ж 21 588 га.);
- 2 660 га. картоп (2020 ж 2 560 га.);
- 685 га. көкөніс, бақша (2020 ж 680 га.);
- 300 га. дәндік жүгері (2020 ж 300 га.);
- 750 га. сүрлемдік жүгері (2020 ж 750 га.);
- 5 га. танқурай, құлпынай.
2021 жылдың өнімі үшін егілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 829 гектарға жоғары (2020 жылы 57 221 га.).
Мал азығы дақылдары ауданда 32 920 га. орналасқан. Оның ішінде өткен жылдардағы көп жылдық шөп 28 470 га., егілетін таза жоңышқа 3 700 га., сүрлемдік жүгері 750 га.
Сүр (пар) – 674 га.
2021 жылдың өнімі үшін егілетін күздік бидайдың жоспары 9 700 га., нақты егілгені 9 700 га. (100 %). Себілген 1 750 тонна тұқымның 122 тоннасы элиталы (7 пайыз) және 530 тоннасы І-репродукциялы (30 пайыз) тұқымдар.
2021 жылдың өнімі үшін бүгінгі күнге 1 450 га. жер өнделіп, 1180 га. арпа дақылы егілді. Көктемгі егіс жұмыстары ауа райының қолайсыздығына байланысты таулы аймақтарда басталған жоқ.
Тұқым. Алматы ғылыми зерттеу институттарынан 20 тонна және Шығыс Қазақстан облысынан 80 тонна күздік бидайдың элиталық тұқымдары алынып, күз айларында егістік алқаптарға себілді.
Аудан шаруашылықтарына қажетті 5 040 тонна жаздық арпа (252 – тн. элита, 1 515 тн. - І репродукция, 1 765 тн. – ІІ репродукция, 1508 тн. – ІІІ репроукция) және 620 тонна мақсары (30 – тн. элита, 185 тн. - І репродукция, 215 тн. – ІІ репродукция, 190 тн. – ІІІ репродукция) дақылдарының тұқымдары толығымен шаруалардың тұқым қоймаларында сақталуға қойылған.
Жанар-жағар май бойынша. 2021 жылдың көктемгі және күзгі дала жұмыстарына қажетті кепілдендірілген дизель отынын тарату қызметтерін атқаратын «Ақ қайың» ЖШС-гі.
Көктемгі және күзгі дала жұмыстарына жоспар бойынша 2 417 тонна кепілдендірілген дизель отыны бөлінді (оның ішінде ақпанда - 65 тонна, наурызда – 585 тонна, мамырда – 455 тонна, маусымда – 448 тонна, шілдеде - 325 тонна, тамызда – 325 тонна, қыркүйекте – 130 тонна және қазанда – 84 тонна таратылады).
Бүгінгі күнге ақпан айына бөлінген 65 тонна және наурыз айына бөлінген 585 тонна жанар жағар майға келісім шарт жасалып, қаржысы аударылып, 600 тоннасы жеткізілді. Барлығы 67 шаруа қожалыққа 61 тонна таратылды. Тарату бағасы 1 литрі 158 теңгеден.
Техника: Жуалы ауданы агроқұрылымдар мен шаруашылықтарда бүгінгі күнге 627 тракторлар, 185 комбайндар және 982 тіркемелер тіркелген. Барлығы 1 794 дана. Бүгінгі күнге тракторлардың дайындығы 96%, ауыл шаруашылығы тіркемелерінің дайындығы 100% құрайды.
Үстіміздегі жылы жаңа техникалар алу жоспары 179 техника.
Жаңа техникалар алу үшін шаруашылық басшылары «КазАгроҚаржы» АҚ-на құжаттарын тапсыруда. Бүгінгі күнге 71 749,0 мың теңгеге 6 ауыл шаруашылығы техникалары алынды, олар 5 трактор және 2 погрузчик.
(2020 жылы орындалғаны 10 пайыз. 816,9 млн. теңгеге 51 жаңа МТЗ тракторлары, 1 погрузчик, 126 дана ауыл шаруашылығы тіркемелері және 2 комбайн сатып алынды).
Мал шаруашылығы: 2021 жылдың 1 сәуіріне мүйізді ірі қара 52 971 бас (2020 жылы 51 348 бас), қой-ешкі 243 959 бас (2020 жылы 236 187 бас), жылқы 12 702 бас (2020 жылы 9 924 бас), шошқа 248 бас (2020 жылы 486 бас), құстар 80 593 бас (2020 жылы 79 013 бас). Мал басы 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 3,2 пайызға, қой мен ешкі 3,3 пайызға, жылқы 28,0 пайызға, құстар 2,0 пайызға артып отыр.
Мал өнімдері бойынша 2021 жылдың 1 сәуіріне ет өндіру тірі салмақпен 2 652,0 тн. (2020 жылы 1 963,1 тн.), сүт өндіру 6 729,1 тн. (2020 жылы 6 734,7 тн.), тұқым 600,0 мың дана (2020 жылы 597,7 мың дана) өнім алып, 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ет өнімі 35,1 пайызға, тұқым өнімі 0,4 пайызға артты.
Өнеркәсіп
Жуалы ауданында бірқатар өндіріс ошақтары жұмыс жасап, нәтижесінде өнеркәсіп өнімдерін шығарып отырған кәсіпорындар 2021 жылдың қаңтар-наурыз айларында 2 680,1 млн. теңгенің өнімдерін өндіріп, (2020 жылы 2 363,9 млн. теңге) өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өндірілген өнімнің нақты көлем индексі 100,1 пайызға орындалды.
2021 жылдың 1 сәуіріне аудан көлемінде статистикалық деректерге сәйкес 4 879 кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, оның ішінде 2 орта, 204 шағын кәсіпорындар (заңды тұлғалар), 2 217 жеке кәсіпкерлер және 2 456 шаруа қожалықтар, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тіркелген кәсіпкерлік субъектілері 2,1 пайызға артқан. Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілері 4 535, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,2 пайызға артып отыр. Осы кәсіпкерлік субъектілерінде барлығы 9 552 адам жұмыс атқаратын болса, соның ішінде 244 адам орта кәсіпорындарда, 2 925 адам шағын кәсіпорындарда, жеке кәсіпкерлікте 3 415 адам, шаруа қожалықтарында 2 968 адам жұмыс жасайды. Жалпы тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің есепті мерзімге 4 535-і, немесе 92,9 пайызы жұмыс істеуде.
Аудан бойынша 2021 жылдың қаңтар-наурыз айларында 789,3 млн. теңгенің (2020 жылдың 3 айында 843,7 млн теңге) бөлшек саудасы жасалып, 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 87,6 пайызға орындалған.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіру: Ауданда бүгінгі күнге 4 шағын микрокредиттік ұйымдар кәсіпкерлік субъектілеріне несие тарату қызметімен айналысады. 2021 жылдың қаңтар-наурыз айларында осы ұйымдар барлығы 668 адамға 611,3 млн. теңгеге несие таратты, оның ішінде:
«KazMicroFinance» ЖШС-ның Жуалы ауданындағы бөлімшесімен 472 адамға 397,4 млн. теңге несие берілді.
«Жуалы несие серіктестігі» ЖШС-мен 10 адамға 101,5 млн. теңге несие берілді.
«Азия несие қоры» ЖШС-гі 120 адамға 45,0 млн.теңге несие берді.
«Арнұр-Кредит» ЖШС-гі микрокредиттік ұйымымен 66 адамға 67,4 млн. теңге несие берілді.
«Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында пайыздық мөлшері субсидияланатын несие алу бағытында «Даму» КДҚ» АҚ-мен келісімге отырып, пайыздық мөлшері субсидияланатын барлығы 87 жоба қолдау тауып 391,6 млн. теңге несиеге қол жеткізілді.
Оның ішінде: 19 жоба 131,7 млн.теңгеге кепілзаттық несие болса, 68 жоба 259,9 мл.теңгеге кепілзатсыз несие, оның 220,9 млн.теңгесі «Даму» КДҚ» АҚ-мен кепілдендірілді.
Сонымен қатар, «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту жаңа өндіріс құруға, жұмыс істеп тұрған өндірісті жаңғыртуға және кеңейту бағытында 2 жоба қолдау тапты. Олар: Билікөл ауылдық округінен «Береке» ШҚ-ның өндірістік инфрақұрылым (электр желісі) жүргізу мақсатында құжаттары толығымен жинақталып, өңірлік үйлестіру кеңесінде қаралып, оң шешімін алды. 2021 жылдың облыстық бюджеттен қаржысы қарастырылды. Жоба құны 27,8 млн.теңгені құрайды.
«Қаралма» тау-шаңғы спорт кешенінің инвесторы «Таразстрой-2004» ЖШС-ның өндірістік инфрақұрылым (сумен жабдықтау және кәріз жүйесін) жүргізу мақсатында құжаттары толығымен жинақталып, өңірлік үйлестіру кеңесінде қаралып, оң шешімін алды. Бұдан әрі, жобаны респбуликалық бюджеттен қаржыландыру мақсатында тиісті басқарма басшыларымен ҚР ҰЭМ-де жобаның тиімділігі қаралады. Жалпы жоба құны 583,4 млн.теңгені құрайды.
Құрылыс
Мәдениет саласы бойынша: Қайрат ауылында 180 орындық мәдениет үйінің жобасы әзірленіп жалпы сметалық құны 222 733,0 мың теңгені құрайтын сараптама қорытындысы алынып, облыстық құрылыс басқармасына бюджетті өтінім берілді.
Көлбастау ауылының 180 орындық мәдениет үйінің жобасының жалпы сметалық құны 221 984,0 мың теңгені құрайтын жоба сараптама қарауына ұсынылды.
Көп қабатты тұрғын үй құрылысы бойынша: Б.Момышұлы ауылында 3 қабатты 18 пәтерлі тұрғын үй құрылыс жұмыстарын бастау үшін жалпы сметалық құны 277 320,0 мың теңге жобаға 175 222,0 мың теңге қаржы бөлініп, мердігерді анықтау бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды.
Б.Момышұлы ауылында 3 қабатты 18 пәтерлі екінші тұрғын үйдің ЖСҚ-тары мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы нәтижесімен облыстық құрылыс басқармасына бюджеттік өтінімі ұсынылды.
Спорт саласы бойынша: Б.Момышұлы ауылынан спорт кешенін, жобасының сметалық құны 362 392,0 мың теңгені құрайтын жоба 28.09.2020 ж. № 19-0337/20 санды сараптама қорытындысы алынып, облыстық құрылыс басқармасына бюджеттік өтінім берілді.
Жуалы ауданы Қайрат ауылындағы спорт мектебін реконструкциялау нысанының жалпы сметалық құны 49 593,0 мың теңгені құрайтын жобаның сараптамалық қорытындысы 2021 жылдың 30 наурызында №НП-0020/21 алынды.
Жуалы ауданы Кәріқорған ауылындағы спорт мектебін реконструкциялау нысанының жалпы сметалық құны 111 330,0 мың теңгені құрайтын жобаның сараптамалық қорытындысы 2021 жылдың 30 наурызында №НП-0019/21 алынып, облыстық құрылыс басқармасына бюджеттік өтінім берілді.
Инженерлік коммуналдық инфрақұрылым бойынша:
Қосбөлтек ауылындағы жаңа тұрғын алабын инженерлік инфрақұрылым (сумен қамтамасыз ету) құрылысын салу;
Теріс ауылындағы жаңа тұрғын алабын инженерлік инфрақұрылым (сумен қамтамасыз ету) құрылысын салу;
Нұрлыкент ауылындағы жаңа тұрғын алабын инженерлік инфрақұрылым (сумен қамтамасыз ету) құрылысын салу;
Теріс ауылындағы жаңа тұрғын алабын инженерлік инфрақұрылым (газбен қамтамасыз ету) құрылысын салу;
Б. Момышұлы ауылындағы жаңа тұрғын алабын инженерлік инфрақұрылым (сумен қамтамасыз ету) құрылысын салу;
Қайрат ауылындағы жаңа тұрғын алабын инженерлік инфрақұрылым (сумен қамтамасыз ету) құрылысын салу;
Нұрлыкент ауылындағы жаңа тұрғын алабын инженерлік инфрақұрылым (газбен қамтамасыз ету) құрылысын салу;
Қайрат ауылындағы жаңа тұрғын алабын инженерлік инфрақұрылым (газбен қамтамасыз ету) құрылысын салу;
Қосбөлтек ауылындағы жаңа тұрғын алабын инженерлік инфрақұрылым (газбен қамтамасыз ету) құрылысын салу;
Б. Момышұлы ауылындағы жаңа тұрғын алабын инженерлік инфрақұрылым (сумен қамтамасыз ету) құрылысын салу;
Жаңа тұрғын алабын инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жобаларын облыстық құрылыс басқармасына бюджеттік өтінімдері берілді.
«Елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту» бойынша бес ауыл Қошқарата, Көлтоған, Ертай, Шақпақата және Т.Дүйсебайұлы ауыз су құрылысына 1 326 365,3 мың теңге қаржы қаралған. Жоспар бойынша игерілуі 220 000,0 мың теңге Көлтоған ауылын ауыз сумен қамтамасыз етуге жұмсалды. Бес жоба 2021 жылға өтпелі. Қошқарата ауылын сумен қамтамасыз ету жүйелерінің құрылысын салу бойынша мердігер ПК «Агроспецмонтаж» келісім-шарт сомасы 52 209,0 мың теңге, Көлтоған ауылын сумен қамтамасыз ету жүйелерінің құрылысын салу бойынша мердігер «Ақмешіт-Мелиоратор» ЖШС келісім-шарт сомасы 360 874,0 мың теңге, Ертай ауылын сумен қамтамасыз ету жүйелерінің құрылысын салу бойынша мердігер «Компания IMPULSE-LTD» ЖШС келісім-шарт сомасы 241 122,3 мың теңге, Шақпақата ауылын сумен қамтамасыз ету жүйелерінің құрылысын салу бойынша мердігер «Компания Ақмешіт-Мелиоратор» ЖШС келісім-шарт сомасы 388 000,0 мың теңге (2022 жылға өтпелі), Т.Дүйсебайұлы ауылы сумен қамтамасыз ету жүйелерінің құрылысын салу бойынша мердігер «Интеллект Азия» ЖШС келісім-шарт сомасы 284 160,0 мың теңге.
2021 жылдың қаңтар – наурыз айларында құрылыс жұмыстарының көлемі 641,5 млн. теңгені құрап, (2020 жылы 566,7 млн. теңге) былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 111,0% пайызға орындалды.
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2021 жылдың қаңтар-наурыз айларында 937,7 млн. теңгені құрады (2020 жылы 787,9 млн. теңге), 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15,6 пайызға артып отыр.
Жеке тұрғын үй салушылардың есебінен 2021 жылдың қаңтар-наурыз айларында жалпы алаңы – 3 468 шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлер аула құрылыстарымен бірге қабылданды. Бұл көрсеткіш 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 117,7 пайызға орындалып отыр.
Білім
Бөлімге қарасты жалпы 76 ұйымдары қызмет етеді. Оның жалпы орта білім беретін мектептер саны - 39 (27 - орта, 2 - мектеп-гимназия, 1 - мектеп-лицей, 3 негізгі, 6 бастауыш), 4 мектептен тыс мекеме (№1, №2, №4 Балалар өнер мектептері, Аула клубы), 1 психологиялық - педагогикалық түзету кабинеті, 26 мемлекеттік балабақша, 1 шағын орталық, және 5 жекеменшік балабақша.
2020-2021 оқу жылында 39 мектепте 11 277 бала білім алуда.
2020-2021 оқу жылында аудан бойынша жалпы білім беретін 39 мектептің барлығы компьютендірілген. Аудан бойынша компьютерлердің саны 2 835 дананы құрайды. Аудан бойынша 1 компьютерге 4 оқушыдан келеді.
Аудан бойынша 39 мектепке (100%) телефон байланысы орнатылып кең арналы интернет желісіне қосылған. Білім мекемелерінде барлығы 95 интерактивті тақталар бар.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту: Ауданда 32 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды. Оның ішінде 26 мемлекеттік балабақшада – 2 075 бала, «Айгөлек» шағын орталығында 50 бала, «Еркемай», «Балбөбек», «Айсауле», «Әсем достар», «NU» жекеменшік балабақшаларында - 280 бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылуда. Жалпы – 2 405 бала.
Мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі 1-6 жас аралағында – 98,2%, 3-6 жас аралығында - 100%.
Денсаулық сақтау
2021 жылдың 3 айында ана өлімі болған жоқ, сәби өлімі 2 жағдай орын алды (7,7 промилль) (2020 жылдың осы кезеңінде - 2 жағдай 8,0 промилль).
Себептері: Жазатайымнан болған оқиға және өте төмен салмақпен шала туылған перинатальдық жағдай.
Жалпы өлім жітім 55 жағдай (1,1 промилль) (2020 жылдың осы кезеңінде 50 жағдай 1,0 промилль).
Есепті мерзімге туберкулезбен науқастанғандар саны 4 адам 100 мың адамға шаққанда көрсеткіш 7,6 пайыз (2020 жылдың І-тоқсанына 5 адам 100 мың адамға шаққанда көрсеткіш 8,8 пайыз).
Спорт
2020 жылдың 3 айының қорытындысы бойынша дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар саны 17 440 адамды құрады немесе жалпы халықтан 33,0%. Бөлімге бағынысты спорт мектептерінде 1-тоқсанның қорытындысымен 2 175 шұғылданушы оқушылар тіркелді. Бұл Жуалы ауданы бойынша жалпы 7-18 жас аралығындағы балалардың 20,4% құрап отыр.
Жыл басынан бері барлығы 12 спорттық іс-шара ұйымдастырылып, 620 аудан тұрғыны қатыстырылды.
14-29 жас аралығындағы жастар саны – 14 047 адамды құрайды, оның 7 726-сы (55,0%) спортпен жүйелі түрде шұғылданады.
Аудан бойынша барлығы 134 спорт нысаны бар. Оның ішінде: 1 орталық стадион, 1 спорт кешені, 12 футбол алаңы, 39 спорт залы, 81 спорт алаңшасы.
Аудан бюджетінің кірісі
Мемлекеттік бюджеттің кірістер жоспары 2 963 687,0 мың теңге болса, нақты орындалғаны 3 205 227,9 мың теңге, немесе 108,2 пайызға орындалды.
Аудандық жергілікті салықтарының жоспары 195 050,0 мың теңге болса, нақты түсіп отырғаны 436 590,9 мың теңге орындалуы 223,8 пайыз немесе 241 540,9 мың теңге артық түсіп отыр.
Әлеуметтік салықтың кірістер жоспары 36 785,0 мың теңге болса, нақты орындалғаны 82 937,4 мың теңге, немесе 225,5 пайызға орындалды.
Аудан бюджетінің шығысы
Есепті мерзімге төлемдер бойынша жоспары 2 969 845,0 мың теңге болса, кассалық атқарылуы 2 963 676,0 мың теңгені құрап отыр, игерілмеген қаржы соммасы 6 169,0 мың теңге немесе атқарылуы 99,8 % - ды құрады.
Әлеуметтік қамсыздандыру
2021 жылдың жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту жылдық жоспарына сәйкес 2 150 адамды қамту жоспарланды. Оның ішінде: тұрақты жұмыс орындарына – 1 420 адамды және уақытша жұмыс орындарына – 730 адамды қамтуды белгіледі. Нәтижесінде, жылдың 3 айында тұрақты жұмыс орындарына 444 азамат (31,2%) және уақытша жұмыс орындарына 446 азаматтар (61,1%) жолданды (барлығы 890 адам).
2021 жылдың 3 айында жұмыссыз ретінде ресми тіркеуде қалғандар саны 1 142 адамды құрап, ресми жұмыссыздық деңгейі 3,9 пайыз болып қалыптасты (2020 жылы 3 айда 744 адам немесе 2,6 пайыз).
2021 жылдың іс-шарасына барлығы 563 363,0 мың теңге бөлінді (оның ішінде: 500 адамға қоғамдық жұмыстарға 417 459,0 мың теңге, 120 адамға әлеуметтік жұмыс орнына 34 919,0 мың теңге, 110 адамға 110 жастар практикасына 47 532,0 мың теңге, қысқа мерзімді кәсіптік оқу курстарына 16 781,0 мың теңге, 80 азаматқа қайтарымсыз грант 46 672,0 мың теңге қаралған).
Ағымдағы жылдың 3 айында атаулы әлеуметтік көмек тағайындау қызметі бойынша өтініш берген 722 отбасының 3 842 адамына 92 442,8 мың теңге көмек тағайындалып төленді.
Мемлекеттік атаулы көмек алушы азқамтылған отбасылардан шыққан балаларға кепілді әлеуметтік топтамамен (КӘТ) қамту мақсатында 706 отбасының 1-6 жас аралығындағы 807 бала анықталып, 2 айда кепілді әлеуметтік топтамамен қамтылып, 10,0 млн. теңгесі игерілді.
Тұрғын үй көмегін тағайындау қызметі бойынша жылдың 3 айында 88 отбасының өтініштері рәсімделіп 1 431,0 мың теңге көмегі тағайындалып төленді.
Ішкі істер бөлімі
Есепті мерзімде ауданда жалпы – 35 қылмыстық сипаты бар оқиғалар тіркелсе (2020 ж. бұл мерзімінде 33 деректі құраған) немесе – 6 пайызға артқан, ашылу көрсеткіші 58,1 пайызды құрады (2020 ж. бұл мерзімінде 100,0 пайызды құраған). Орын алған қылмыстардың ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстар саны 8 дерек болса, оның ашылғаны 5 дерек немесе ашылуы 62,5 пайызды құрады. (2020 жылдың осы мезімінде қылмыстың бұл санаты 10 дерек болған, ашылуы 100,0 пайызды құраған).
Жол полиция тобының жұмысы
2021 жылдың 3 айында жол жүру ережелерін бұзу деректерін анықтау барысында – 1 149 хаттама толтырылды (2020 жылдың осы мерзімінде 676 хаттама), оның ішінде 9 жүргізуші көлікті спирттік ішімдік күйде жүргізгені үшін ұсталған.
2021 жылдың 3 айының есеп беру мерзімінде барлығы 9 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Жол көлік оқиғалары салдарынан есепті мерзімге 15 адам әр-түрлі дене жарақаттарын алған, 1 адам қаза болған.