Меню

Страницы

Статья

Ауданның 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы

2020 жылдың қаңтар – желтоқсан айларында атқарылған шаралардың нәтижесінде ауданның негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы қамтамасыз етілді.      

Ауданымыздың жалпы ішкі өнімінің көлемі есепті мерзімге 58 180,5 млн. теңгені құрап, (2019 жылы 49 845,9 млн. теңге) былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  16,7 пайызға артты.

Жалпы ішкі өнімнің құрылымында өнеркәсіп үлесі  19,4%, ауыл шаруашылығы жалпы шығарылымы  59,3 %, құрылыс жұмыстарының көлемі 11,6%, сауда айналымы 9,7%-ды құрайды.

Есепті мерзімге ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарымы 34 млрд. 504,1 млн. теңгені құрады (оның ішінде мал шарушылығы өнімі 17 756,6 млн. теңге, өсімдік шаруашылығы өнімі 16 711,5 млн. теңге), (2019 жылдың  12 айында 29 895,5 млн. теңге) немесе нақты көлем индексі 102,7 пайызды құрады.

Аудан жерінің жалпы көлемі 413 698 га., оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 210 772 га. бұның егістігі  95 004 га., суармалысы 8 707,5 га. және жайылымы мен шабындығы 111 485  га. құрайды.

Бұлардан басқа, жер санаттары бойынша елді-мекендерде  32 551 га., өнеркәсіп, көлік, байланыс және ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жерлер 4 383,8 га., орман қоры 103 861 га., ерекше қорғалатын аймақтардың жерлері 10 633 га., су қоры 8 614,7 га., босалқы жерлер              38 062 га. құрайды.

Егін шаруашылығы: Масақты дәнді дақылдар көлемі 37 424 га. (2019 жылы 35 524 га) әр гектардан алынған өнім 20,6 цн/га. жалпы түсім 77 110 тонна. Оның ішінде: 27 750 га арпа, әр гектардан алынған өнім 19,7 цн/га. жалпы түсім 54 655 тонна. 9 674 га күздік бидай, әр гектардан алынған өнім 23,2 цн/га. жалпы түсім 22 458 тонна.

Күзгі дала жұмыстары бойынша, майлы дақылдардың орылғаны 21 588 га (100%), орташа өнімділігі 8,9 ц/га, жалпы түсімі 19 213 тонна. Қытай бұршағы (соя) орылғаны 80 га, орташа өнімділігі 14,0 ц/га, түсімі 112 тонна. Дәндік жүгері орылғаны 300 га, орташа өнім 57 ц/га, түсімі 171 тонна.                

Картоп дақылының жиналғаны 2 560 га, орташа өнімділігі 242 ц/га, түсімі 61 952 тонна (100%), көкөніс дақылдарының жиналғаны 670 га, орташа өнімділігі 245 ц/га, түсімі 16 440 тонна (100,0%) және бақша жиналғаны 10 га, орташа өнімділігі 245 ц/га, түсімі 102 тонна (100 %).

Тұқым.  Алматы ғылыми зерттеу институттарынан 20 тонна және 80 тонна Шығыс Қазақстан облысынан күздік бидайдың элиталық  тұқымдары алынып, егістік алқаптарға себілді.     

Аудан шаруашылықтарына қажетті 5 040 тонна жаздық арпа және 415 тонна мақсары дақылдарының тұқымдары толығымен шаруалардың тұқым қоймаларында сақталуға қойылған.

Субсидия. Тұқым шаруашылығын дамыту бағдарламасы бойынша 178,8 млн тг. төленді. Оның ішінде: көшеттер алуға 2,7 млн. тг., күздік бидай тұқымына 6,3 млн. тг., жүгері дақылына 6,5 млн. тг., картоп тұқымына 163,0 млн. тг., жоңышқа тұқымына 0,158 млн. тг., қант қызылшасына 0,170 млн. тг..

Мал шаруашылығына барлығы 478,7 млн. тг. Оның ішінде: МІҚ селекциясына 84,7 млн. тг., қой малы селекциясына  114,0 млн. тг., Бұқашықтарды бордақылауға 50,3 млн. тг., сүт өніміне 228,6 млн. тг., қозы етін өткізгенге 1,1 млн. тг.

Барлық алынған субсидия көлемі  657,5 млн  теңге.

Жанар-жағар май бойынша барлық алынғаны – 3 380 тн.

Көктемгі дала жұмыстарына 2 055 тн. жанар жағар май бөлініп, толығымен таратылды,  әр литрі 158,0 тенгеден.   

 Егін орағына және күзгі дала жұмыстарына 1 325 тн. бөлініп, толығымен аудан шаруашылықтарына таратылды, әр литрі 162 тг.                               

Техника: Жуалы ауданы агроқұрылымдар мен шаруашылықтарда бүгінгі күнге 625 тракторлар,  177 комбайндар, 769 тіркемелер тіркелген, барлығы 1 571 дана.

Бүгінгі күнге 816,9 млн. теңгеге 180 ауыл шаруашылығы техникалары алынды. Оның ішінде: 51 жаңа МТЗ тракторлары, 1 дана погрузчик,  126 дана ауыл шаруашылығы тіркемелері және 2 комбайн сатып алынды. 

Мал азығын дайындау барысы туралы: Бүгінгі күнге барлық ауылдық округтерде науқандық шөп ору бойынша  орылғаны 28 630 га. (100%), орташа өнімділігі 50,7 ц/га, жалпы жиналған өнімдер, пішен  145 200 тонна (100%), пішендеме 11 000 тонна (100%), 12 000 тонна сүрлем (100%) және 16 800 тонна сабан бастырылды.   

Мал шаруашылығы: 2021 жылдың 1 қаңтарына мүйізді ірі қара 46 641 бас (2019 жылы 44 734 бас), қой-ешкі 197 040 бас (2019 жылы 189 971 бас), жылқы 13 132 бас (2019 жылы 10 366 бас), шошқа 162 бас  (2019 жылы 425 бас), құстар 80 593 бас (2019 жылы 79 013 бас). Мал басы 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 4,3 пайызға, қой мен ешкі 3,7 пайызға, жылқы 26,7 пайызға, құстар 2,0 пайызға артып отыр.

Мал өнімдері бойынша 2021 жылдың 1 қаңтарына ет өндіру тірі салмақпен 14 075,7 тн. (2019 жылы 13 862,9 тн.), сүт өндіру 44 631,0 тн. (2019 жылы 43 576,6 тн.), тұқым  8 046,8 мың дана (2019 жылы 8 006,8 мың дана) өнім алып,  2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ет өнімі  1,5 пайызға, сүт өнімі 2,4 пайызға, тұқым өнімі 0,5 пайызға артты.

Өнеркәсіп

Жуалы ауданында бірқатар өндіріс ошақтары жұмыс жасап, нәтижесінде өнеркәсіп өнімдерін шығарып отырған кәсіпорындар 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 11 293,8 млн. теңгенің өнімдерін өндіріп, (2019 жылы  10 380,7 млн. теңге) өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өндірілген өнімнің нақты көлем индексі 100,3 пайызға орындалды.

2021 жылдың 1 қаңтарына аудан көлемінде статистикалық деректерге сәйкес 4 934 кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, оның ішінде 2 орта, 195 шағын кәсіпорындар (заңды тұлғалар), 2 277 жеке кәсіпкерлер және 2 460 шаруа қожалықтар, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тіркелген кәсіпкерлік субъектілері 3,0 пайызға артқан. Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілері 4 580, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,3 пайызға артып отыр. Осы кәсіпкерлік субъектілерінде барлығы 9 252 адам жұмыс атқаратын болса, соның ішінде 109 адам орта кәсіпорындарда, 694 адам шағын кәсіпорындарда, жеке кәсіпкерлікте 2 856 адам, шаруа қожалықтарында 5 593 адам  жұмыс жасайды. Жалпы тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің есепті мерзімге 4 580-і, немесе 92,8 пайызы жұмыс істеуде.

Аудан бойынша 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында  2 723,7 млн. теңгенің (2019 жылдың 12 айында 2 488,5 млн теңге) бөлшек саудасы жасалып, 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 102,6 пайызға орындалған.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіру: Ауданда бүгінгі күнге 4 шағын микрокредиттік ұйымдар  кәсіпкерлік субъектілеріне несие тарату қызметімен айналысады. 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында осы ұйымдар барлығы 3 491 адамға 2 661,3 млн. теңгеге несие таратты, (2019 жылдың осы мерзімінде 4 501 адамға 2 628,9 млн. теңге, яғни былтырғы жылмен салыстырғанда адам саны да, берілген қаражаттың сомасы да артқан) оның ішінде:

«KazMicroFinance» ЖШС-ның Жуалы ауданындағы бөлімшесімен 2 679 адамға 1 924,3 млн. теңге несие берілді.

«Жуалы несие серіктестігі» ЖШС-мен 34 адамға 282,2 млн. теңге несие берілді.

«Азия несие қоры» ЖШС-гі 488 адамға 193,7 млн.теңге несие берді.

«Арнұр-Кредит» ЖШС-гі микрокредиттік ұйымымен 290 адамға 261,1 млн. теңге несие берілді.

«Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында пайыздық мөлшері субсидияланатын  несие алу, кепілдік беру және инфрақұрылымды дамыту мақсатында нақты 6 жобамен жұмыстар жүргізіліп, «Даму» КДҚ» АҚ-мен келісімге отырып, пайыздық мөлшері субсидияланатын барлығы 270,0 млн. теңге несиеге қол жеткізілді.

Олар, «Атамекен» сауда өндірістік компаниясы» ЖШС-гі 2 келісім негізінде жалпы 102,0 млн теңге, 60,0 млн.теңге құрал-жабдықтар сатып алуға және 42 млн.теңге қаражат айналымын толықтыруға; 

«Злиха» ШҚ-ғы жаңа картоп өнімін сатып алуға 25,0 млн. теңге; 

ЖК «Мешелова З.Е.» пастерленген сүт өнімдерінің өндіру линиясы және айран өндіруге 60,0 млн.теңге;

«Сахад» ЖШС ауыл шаруашылығы мақсатындағы құрал-жабдықтарды толықтыруға 70,0 млн.теңге;

ЖК «Каирбекова Г.К.» мейрамхана бизнесін кеңейту 6,0 млн.теңге;

ЖК «Копбаев Бекболат Бейбитович» автокөлік бөлшектері дүкеніндегі айналым қаражатын толықтыру 7,0 млн.теңге.

Сонымен қатар, «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында ұйымдастырылған мемлекеттік гранттарды ұсыну жөніндегі конкурстық комиссияға ауданнан 44 жоба ұсынылып, оның ішінде 2 жеке кәсіпкер мемлекеттік грантты жеңіп алды. Олар: ЖК «Бектурганов» Бектурганов Бакытжан Омирзакович 5,0 млн.теңге және ЖК «Ахмадбекова А.Ж» Ахмадбекова Айнакул Жумабековна 3,0 млн.теңге жалпы 8 жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде.

«Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында  несие алу мақсатында жалпы сомасы 514,8 млн.теңгені құрайтын нақты 22 жобамен жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде 20 жоба «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-мен келісімдері жасалып, жалпы құны  409,8 млн.теңгені құрайтын несиеге толық қол жеткізілді. Қалған 2 жоба бойынша ЖК «Малибекова» 65,0 млн.теңгеге және «СМТС» ЖШС 40 млн.теңгеге несиелендіру құжаттары екінші деңгейлі банктердің қарауында.

Құрылыс

Құрылыс – монтаж жұмыстары бойынша: Қоңыртөбе ауылындағы Пахомов атындағы орта мектебіне жапсарлас спорт зал құрылысын салу нысанының 2020 жылғы құрылысына облыстық бюджеттен 169 226,2 мың теңге қаражат бөлінген. Бас мердігер «Ай-Дин Тараз құрылыс» ЖШС-мен келісім шарт жасалынды. Құрылыс жұмыстары 25.09.2020 жылы аяқталып, құжаттарды өткізу-қабылдау жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.

«Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында Нұрлыкент ауылында 180 орындық мәдениет үйінің құрылысының жоба-сметалық құжаттамасы әзірленіп, облыстық құрылыс басқармасының тапсырыс беруімен құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бас мердігер «Нұрбек» ЖШС-мен 01.09.2020 жыл №79 (101 360,0 мың теңге) келісім шарт жасалынды.  Жоба 2021 жылға өтпелі.

Көп қабатты тұрғын үй құрылысы: Б.Момышұлы ауылында 3 қабатты 18 пәтерлі тұрғын үй құрылысы 2020 жылдың 22 сәуірде сараптама қорытындысының оң нәтижесіне алынды. Құрылыс жұмыстарын бастау үшін облыстық басқарамаға жалпы сметалық құны 277 320,0 мың теңге қаржыға бөлуге өтінім беріледі.

Спорт саласы бойынша: Б.Момышұлы ауылынан спорт кешенін, жобасының сметалық құны 362 392,0 мың теңгені құрайтын жоба 28.09.2020 ж. № 19-0337/20 санды сараптама қорытындысы алынып, 07.10.2020 жылы облыстық құрылыс басқармасына бюджеттік өтінім берілді.

«Елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту» бойынша бес ауылға Қошқарата, Көлтоған, Ертай, Шақпақата, Т.Дүйсебайұлы ауыз су құрылысына 1 218 391,0 мың теңге қаржы қаралған. Мердігерлер анықталып, келісім-шарт жасалды. Олар:

- Қошқарата ауылын сумен қамтамасыз ету жүйелерінің құрылысын салу бойынша мердіген ПК «Агроспецмонтаж», келісім-шарт сомасы 390 735,2 мың теңге;

- Көлтоған ауылын сумен қамтамасыз ету жүйелерінің құрылысын салу бойынша мердігер «Ақмешіт-Мелиоратор» ЖШС, келісім-шарт сомасы 564 182,8 мың теңге;

- Ертай ауылын сумен қамтамасыз ету жүйелерінің құрылысын салу бойынша мердігер «Компания IMPULSE-LTD» ЖШС, келісім-шарт сомасы 345 112,8  мың теңге;

- Шақпақата ауылын сумен қамтамасыз ету жүйелерінің құрылысын салу бойынша мердігер «Компания Ақмешіт-Мелиоратор» ЖШС,  келісім-шарт сомасы 772 651,4 мың теңге;

- Т.Дүйсебайұлы ауылы сумен қамтамасыз ету жүйелерінің құрылысын салу бойынша мердігер «Интеллект Азия» ЖШС, келісім-шарт сомасы 345 112,8  мың теңге. Аталған бес жоба 2021 жылға өтпелі.

Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 1 345,9 млн. теңге қаралған қаржыға жеңімпаз болып – «Байсын-А» ЖШС-мен 2020 жылғы 5 сәуірдегі құрылыс саласындағы жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шартқа сәйкес келісім шарт жасалып,    7 жоба 10 елді мекенге (Теріс, Ақбастау, Шынбұлақ, Майбұлақ, Қосмұрат, Алатау, Жүрімбай, Сұрым, Теріс-Ащыбұлақ және Ынтымақ) құрылыс жұмыстары жүргізіліп, жұмыстар толық аяқталды. Нысандар пайдалануға берілген кезде аталған елді-мекендер бойынша 840 аула, 4 592 тұрғын ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады. Жалпы 2020 жылдың қорытындысымен аудан көлемінде 25 елді мекен ауыз сумен қамтамасыз етіліп, ол 51,02 пайызды құрады. Ал халық санына шаққанда ол 37 973 адам, немесе 72,2 пайызды құрайды.

Газдандыру бойынша: Жуалы ауданында 49 елді мекен бар, оның газдандырылғаны 30 елді мекен немесе 61%. Қалған 19 елді мекенді газбен қамту үшін келесі жұмыстар атқарылуда:

2020 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында жалпы құны 614 367,0 мың теңге болатын 7 елді мекенге: Тасбастау, Шыңбұлақ, Майбұлақ, Қосмұрат, Кәріқорған, Қоңыртөбе, Күреңбел ауылдарына ұзындығы 50,89 шақырым болатын табиғи  газ тарту жұмыстары жүргізіліп, ауылдардың кварталішілік газ тарату жұмыстары аяқталды.

Жыл қорытындысымен 38 елді мекен табиғи газбен қамтылып, 77,55 пайызды құрады, ал халық санына шаққанда 47 084 адам, яғни 89,56 пайызды құрайды.  Қалған  11 елді мекен, оның ішінде:

Қаратас, Ертай, Көлтоған, Рысбек батыр, Ақтасты, Қошқарата, Қызтоған ауылдарына газ тарту трассасы тартылуда. Бүгінгі күнге 553 330,0 мың теңгеге ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан оң қорытындысын алды. Облыстық басқармаға 2021 жылға бюджеттік өтінім берілді.

Билікөл ауылдық округіндегі 4 елді мекенге: Қарабастау, Жылыбұлақ, Дарбаза, Әбдіқадыр ауылдарын газдандыруға облыстық бюджеттен 18 600 мың теңге бөлініп, «Билікөл АГРС»-не ЖСҚ дайындалды. Облыстық басқарма тарапынан 2021 жылдың бюджетіне өтінім берілді.

2020 жылдың қаңтар – желтоқсан айларында құрылыс жұмыстарының көлемі 5 631,6 млн. теңгені құрап, (2019 жылы  5 475,1 млн. теңге) былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 102,8% пайызға орындалды.

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі  2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 7 725,1 млн. теңгені құрады (2019 жылы 5 392,6 млн. теңге), 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 31,7 пайызға артып отыр.

Жеке тұрғын үй салушылардың есебінен 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында жалпы алаңы – 13 448 шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлер аула құрылыстарымен бірге қабылданды. Бұл көрсеткіш 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 121,4 пайызға орындалып отыр.

Жол

Аудандық мәндегі «Дихан ауылына кіре-беріс»-1,606 шқ автомобиль жолын орта жөндеу бойынша қаралған қаржы сомасы - 27 877,0 мың теңге. Жеңімпаз мердігер «Жамбыл ДормостСтройСервис» ЖШС келісім-шарт жасалды, жұмыс толық аяқталды.

Аудандық мәндегі «Нұрлыкент-Теріс»- 1,04 шқ автомобиль жолын орта жөндеу бойынша  қаралған  қаржы сомасы 18 302,9 мың теңге. Жеңімпаз мердігер «ЖамбылДормост СтройСервис» ЖШС келісім-шарт жасалып, жұмыстар толық аяқталды.

Білім

Бөлімге қарасты жалпы 76 құрайтын білім беру, мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру және мектептен тыс білім беру ұйымдары қызмет етеді. Оның жалпы орта білім беретін мектептер саны 39 (27-орта, 2-мектеп-гимназия,  1-№15 мектеп-лицей, 3 негізгі, 6 бастауыш), 26 мемлекеттік балабақша, 1 шағын орталық,  4 мектептен тыс мекеме  (№1,2,4 Балалар өнер мектептері, Аула клубы), және 1 психологиялық- педагогикалық түзету кабинеті және 5 жеке меншік балабақша.

2020-2021 оқу жылы COVID-19 коронавирустық инфекция пандемиясына байланысты қашықтықтан және штаттық режимде оқытылуда. 39 мектепте 11 277 оқушы білім алуда.  30 мектепте бала санының аздығына байланысты санитарлық  – эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып 5 158 бала дәстүрлі түрде оқытылуда. Ал қалған 9 орта мектепте қашықтықтан 6 119 оқушы оқытылуда. Сонымен қатар, осы аталған 9 мектепте 1-4 сыныптарда 2512 оқушыға  190 кезекші топтар жұмыс жасауда.

Қашықтықтан оқытылатын мектептердегі 6 119 оқушының  3 729 оқушысында жеке компьютерлері немесе ноутбуктар бар, 2 390 оқушыда (әлеуметтік жағдайы төмен отбасы баласы  783 соның ішінде аз қамтылған 575 отбасы) мүлдем компьютері немесе ноутбугы жоқ. Мүлдем компьютері немесе ноутбугы жоқ оқушыларға мектеп балансында тұрған 1 716 компьютер таратылып берілді.

2020-2021 оқу жылында аудан бойынша жалпы білім беретін 39 мектептің барлығы компьютермен жабдықталып, жалпы компьютерлердің саны 2 906 дананы құрайды. Аудан бойынша 1 компьютерге 4 оқушыдан келеді.

Аудан бойынша 39 мектепке (100%) телефон байланысы орнатылып кең арналы интернет желісіне қосылған. Білім мекемелерінде барлығы 95 интерактивті тақталар бар. Арнайы жабдықталған биология кабинеті – 20, химия кабинеті – 23, физика кабинеті – 27. Жалпы аудан бойынша 30 лингофонды-мультимедиялық кабинеттер бар. Оқыту кабинеті – 737, ондағы мұғалімдерге арналған компьютерлер – 737 (100%) құрайды.

2020-2021 оқу жылына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуға жергілікті бюджет есебінен 230 000,0 мың теңге бөлінсе ал, оларды тасымалдауға 500,0 мың теңге қаржы бөлінді. Олар (МАДТ, 1,5,6 сынып информатика,  8,9 сыныптарға Қазақстан және Дүниежүзі тарихы, 11 сынып тарға толық және қажеттілікке байланысты 1-10 сынып аралығындағы оқулықтар) сатып алынды.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту: Ауданда  32 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды. Оның ішінде  26 мемлекеттік балабақшада – 2 075 бала, «Айгөлек» шағын орталығында 50 бала, «Еркемай», «Балбөбек», «Айсауле», «Әсем достар», «NU» жекеменшік балабақшаларында -  280 бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылуда. Жалпы –  2 405 бала.

1-6 жас аралығында кезекте тұрған балалар саны - 61.

Ауданда мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбие және оқытумен қамту үлесі 1-6 жас аралығындағы 97,1%, ал, 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту үлесі ауданда 100% көрсетті.

Денсаулық сақтау

2020 жылдың 12 айында ана өлімі болған жоқ, сәби өлімі  3 жағдай орын алды (2,6 промилль) (2019 жылдың осы кезеңінде  -  14 жағдай 13,8 промилль).

Себептері: Бала өліміне әкеліп соқтырған баланың іштен туа біткен ақауының асқынуы, тұншұғудың ауыр дәрежесі және пенринаталдық кезеңнің ауруы.

Есепті мерзімге туберкулезбен науқастанғандар саны   18 адам  100 мың адамға шаққанда көрсеткіш 24,6 пайыз  (2019 жылдың ІV-тоқсанына 32 адам 100 мың адамға шаққанда көрсеткіш 49,4 пайыз).

Спорт

2020 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар саны 16 921 адамды құрады немесе жалпы халықтан 32,0%.  Бөлімге бағынысты спорт мектептерінде 2020 жыл қорытындысымен 1 878  шұғылданушы оқушылар тіркелді. Бұл Жуалы ауданы бойынша жалпы 7-18 жас аралығындағы балалардың 17,6% құрап отыр.

Жыл басынан бері барлығы 160 спорттық іс-шара ұйымдастырылып, 29 409 аудан тұрғыны қатыстырылды.

14-29 жас аралығындағы жастар саны – 13 946 адамды құрайды, оның 7 657-сі (54,9%) спортпен жүйелі түрде шұғылданады.

Аудан бойынша барлығы 134 спорт нысаны бар. Оның ішінде: 1 орталық стадион, 1 спорт кешені, 12 футбол алаңы, 39 спорт залы, 81 спорт алаңшасы.

Аудан бюджетінің кірісі

Мемлекеттік бюджеттің кірістер жоспары 16 457 200,0 мың теңге болса, нақты орындалғаны 16 646 066,7 мың теңге, немесе  101,1  пайызға орындалды.

Аудандық жергілікті салықтарының жоспары 1 538 054,0 мың теңге болса, нақты түсіп отырғаны 1 726 920,7 мың теңге орындалуы 112,2 пайыз немесе 188 866,7 мың теңге артық түсіп отыр.

Әлеуметтік салықтың кірістер жоспары 275 000,0 мың теңге болса, нақты орындалғаны 295 489,1 мың теңге, немесе 107,5  пайызға орындалды.

Аудан бюджетінің шығысы

Есепті мерзімге төлемдер бойынша жоспары 17 711 872,0 мың теңге болса, кассалық атқарылуы 17 708 534,3 мың теңгені құрап отыр, игерілмеген қаржы соммасы 3 337,7 мың теңге немесе атқарылуы  100,0 % - ды құрады.

Әлеуметтік қамсыздандыру

2020 жылдың жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту жоспарына сәйкес 2 501 адамды қамту жоспарланды. Оның ішінде: тұрақты жұмыс орындарына – 1 465 адамды және уақытша жұмыс орындарына – 1 036 адамды қамтуды белгіледі. Нәтижесінде, жылдың 12 айында тұрақты жұмыс орындарына 1 902 азамат (129%) және уақытша жұмыс орындарына 1 156 азаматтар (111%) жолданды (барлығы 3 058 адам).

2020 жылдың 12 айында жұмыссыз ретінде ресми тіркеуде қалғандар саны 685 адамды құрап, ресми жұмыссыздық деңгейі 2,6 пайыз болып қалыптасты (2019 жылы 12 айда 422 адам немесе 1,5 пайыз).

2020 жылдың іс-шарасына барлығы 363 316,0 мың теңге бөлінді (оның ішінде: қоғамдық жұмыстарға 235 059,0 мың теңге, әлеуметтік жұмыс орнына 24 801,0 мың теңге, жастар практикасына 78 920,0 мың теңге, қысқа мерзімді кәсіптік оқу курстарына 23 709,0 мың теңге қаралған).

Ағымдағы жылдың 12 айында атаулы әлеуметтік көмек тағайындау қызметі бойынша өтініш берген 856 отбасының 4 641 адамына 287 158,6 мың теңге көмек тағайындалып төленді.

Мемлекеттік атаулы көмек алушы азқамтылған отбасылардан шыққан балаларға кепілді әлеуметтік топтамамен (КӘТ) қамту мақсатында 856 отбасының 1-6 жас аралығындағы 772 бала анықталып, 10 айға 772 бала кепілді әлеуметтік топтамамен қамтылып 43 054,0 мың теңге игерілді.

Тұрғын үй көмегін тағайындау қызметі бойынша жылдың 12 айында 33 отбасының өтініштері рәсімделіп 575,8 мың теңге көмегі тағайындалып төленді.

Ішкі істер бөлімі

Есепті мерзімде ауданда жалпы – 149 қылмыстық сипаты бар оқиғалар тіркелсе (2019 ж. бұл мерзімінде 192 деректі құраған)  яғни – 22,4 пайызға кеміген, ашылу көрсеткіші 80,0 пайызды құрады (2019 ж. бұл мерзімінде 60,2 пайызды құраған). Орын алған қылмыстардың ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстар саны   47 дерек болса, оның ашылғаны 12 дерек немесе ашылуы 74,4 пайызды құрады. (2019 жылдың осы мезімінде қылмыстың бұл санаты 24  дерек болған, ашылуы 62,5 пайызды құраған).

Жол полиция тобының жұмысы

2020 жылдың 12 айында жол жүру ережелерін бұзу деректерін анықтау барысында – 864 хаттама толтырылды (2019 жылдың осы мерзімінде 930 хаттама), оның ішінде  33 жүргізуші көлікті спирттік ішімдік күйде жүргізгені үшін ұсталған.

2020 жылдың есеп беру мерзімінде барлығы 56 жол-көлік оқиғасы тіркелген.  Жол көлік оқиғалары салдарынан есепті мерзімге 112 адам әр-түрлі дене жарақаттарын алған, 15 адам қаза болған.

Дата публикации
25 мая 2021
Дата обновления
25 мая 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы