Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы
(Б.Момышұлы ауылы, Қонаев көшесі, №6, тел. 2-04-47)
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 бабы 12 тармағына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 36-1 бабы 3 тармағына сәйкес Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қызыларық ауылдық округі әкімінің сайлауын өткізу туралы 2021 жылғы 11 мамырдағы №06 шешімін шығарғаның хабарлайды. Сайлау 2021 жылдың 19 маусымына тағайындалды. Аумақтық сайлау комиссиясы осы сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекітті.
Қызыларық ауылдық округі әкімінің сайлауы 2021 жылдың 19 маусымына тағайындалуына байланысты Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 36-1 бабы 2 тармағы 7 тармақшасы негізінде Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы келесі құрамы жөнінде хабарлайды:
Комиссия төрайымы: Алтыбаева Нурзия Бахторазовна;
Комиссия төрайымының орынбасары: Айжанов Мажит Мамытович;
Комиссия хатшысы: Данияров Бахытжан Есентаевич;
Комиссия мүшелері: Абдирасулов Уразбек Амантаевич, Джузбаев Ерназар Оралбекович, Нурпейсова Перизат Шымыртаевна, Шынарбеков Жайсанбек Уалиханович.