Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 2025 жылдың 6 айында Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес мүгедектігі бар азаматтар мен қарттарға абилатциялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде төмендегідей әлеуметтік қолдаулар көрсетті.
- Протез-ортопедиялық құралдармен 72 азамат қамтамасыз етілді.
- Сурдо-техникалық құралдамен 11 азамат қамтамасыз етілді.
- Тифло-техникалық құралдармен 8 азамат қамтамасыз етілді.
- Міндетті гигиеналық және компенсаторлық құралдармен 159 азамат қамтамасыз етілді.
- Ымдау тілі қызметін қажет ететін 16 азаматқа 3 маман қызмет көрсетуде, жүріп-тұруы қиын 1-топтағы 4 азаматқа 4 жеке көмекші қызметі көрсетілуде.
- Санаторлы-курорттық емделуді қажет ететін 290 азамат шипажайға жолданымдармен қамтамасыз етілді.
- Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтерді қажет ететін 40 азамат, облыстық бейімдеу орталығына жолданды.
- Жартылай стационардағы бейімдеу орталықтарында 35 балаға қызметтер көрсетілуде.
- Кресло-арбаларды қажет ететін 17 азамат 25 кресло-арбалармен қамтылды.
- Үйде күтім көрсетуді қажет ететін азаматтарға, яғни 106 жалғызбасты қарттар мен мүгедектігі бар азаматтарға және 35 мүгедектігі бар балаларға 22 әлеуметтік қызметкерлер қызмет көрсетуде.
- Мүгедектігі бар 51 балаларға үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге 1856,9 мың теңге материалдық қамсыздандыру төленді.
12.«Шапағат» корпоративтік қоры арқылы 2 инватакси 90 азаматқа қызмет көрсетуде.