Меню

Страницы

Статья

Жуалы ауданында спорт саласы бойынша 2025 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар туралы мәлімет

 

 

2024-2025 оқу жылында балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде 1999 шұғылданушы аула клубында 565 оқушы тіркелді. Білім беру мекемелерінде 7 спорт түрі бойынша 228 үйірмеде 6550 оқушы қамтылған Оның ішінде 14-18 жастағылары -3393(жоспар жыл соңына дейін- 3393)

2025 2-тоқсан қорытындысы бойынша дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар саны 22556 адамды құрады немесе жалпы халықтан 41,6%. (жоспар жыл соңына дейін 42,0%)

14-29 жас аралығындағы спортпен шұғылданушы жастар саны-8307.

Халықты спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету көрсеткіші 74,1 % құрайды. (жоспар жыл соңына дейін 90,5%).

Жуалы ауданы дене шынықтырумен және спортпен айналысуға қарсы көрсетілімі жоқ жалпы мүмкіндігі шектеулі адамдар саны 887 адамды құраған. Ал, жүйелі түрде спортпен шұғылданатын мүмкіндігі шектеулі адамдар саны 185 немесе 20,8 пайызды құрайды. (жоспар жыл соңына дейін  20,8)

Жуалы ауданындағы 3 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде 11 спорт түрі бар. Шұғылданушылар саны 1999 оқушыны құрайды. Жаттықтырушылар саны-54.

Аудандағы 14 ауылдық округте 16 спорт нұсқаушысы және 2 әдіскер жастарды спортпен және дене шынықтырумен жүйелі түрде айналысуға тарту жұмыстарын атқарады.

Жуалы ауданы бойынша 2025 жылдың 6 айында 162 бұқаралық спорттық іс-шара өткізіліп, 6880 адам қатыстырылды. Жарыс хаттамалары жүргізіліп, фото есептері, әлеуметтік желілерде посттарды тұрақты жарияланады.

Ауданда жалпы 162 спорт нысаны бар, оның ішінде 1 стадион, 2 спорт кешені, 12 футбол алаңы, 101 спорттық алаңшалар, 46 спорт залдары.

Спорт нысандарының барлығы ауыл тұрғындарына спортпен айналысуы үшін қолжетімді. Спорт нысандарының ауыл тұрғындарына қолжетімділігін қамтамасыз ету кестесі әзірленіп, ілінген.

2024 жылы Ертай ауылында облыстық бюджет есебінен, құны – 455 418,0 мың теңге құрайтын спорт кешені, Тасбастау, Диқан, Бақалы, Ақтөбе, Талапты ауылдарында аудандық бюджет есебінен футбол алаңшалары, Нұрлыкент ауылында демеуші есебінен (Бурное-Солар) құны 37 000,0 мың теңгені құрайтын волейбол және футбол алаңшалары салынды.

2025-2027 жылдары Нұрлыкент (455,9 млн. теңге), Бәйтерек (444,4 млн. теңге), Шақпақата (487,5 млн. теңге), Күреңбел (741,0 млн теңге), Көлбастау (761,4 млн. теңге), Қарабастау (445,6 млн. теңге) ауылдарына спорт кешендері салынады деп жоспарлануда.

2025 жылы Шыңбұлақ, Қоңыртөбе, Сұрым, Жұрымбай, Ынтымақ, Т.Дүйсебайұлы, Қызтоған, Ақтасты, Қосбөлтек ауылдарында заманауи алаңшалар салу жоспарланған.

Дата публикации
11 июля 2025
Дата обновления
11 июля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы