Жуалы ауданы Көкбастау және Қошқарата ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

Жуалы ауданы Көкбастау және Қошқарата ауылдық округтері

әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына және 113-1 бабы 1-тармағының 1), 2)-тармақшаларына сәйкес Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2026 жылғы 17 мамырға Жуалы ауданы Көкбастау және Қошқарата ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы тағайындалсын.
  2. 2026 жылғы 17 мамырға тағайындалған Көкбастау және Қошқарата ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының №1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «Jana omir -Новая жизнь» газетінде жариялансын.

 

Төраға                                                                  Н.Алтыбаева

Хатшы                                                                  Ш.Боранбаев

 

 

 

Б.Момышұлы ауылы,

8 сәуір 2026 жыл

№5

Дата публикации
08 апреля 2026