Жуалы ауданында Көкбастау және Қошқарата ауылдық
округтерінің әкімдерін сайлау бойынша
сайлау округтерін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Жуалы ауданының Көкбастау және Қошқарата ауылдық округтері әкімдерін сайлау бойынша Көкбастау және Қошқарата ауылдық округтерінің шекарасында сайлау округтері құрылсын.
- Сайлау округтері және олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетілген мәліметтер Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «Jana omir -Новая жизнь» газетінде жариялансын.
Төраға Н.Алтыбаева
Хатшы Ш.Боранбаев
Б.Момышұлы ауылы,
8 сәуір 2026 жыл
№4