Жуалы ауданының жергілікті атқарушы органдарында 2025 жылдың ІV тоқсанында мемлекеттік көрсетілген қызметтерінің талдау анықтамасы

Жуалы ауданының жергілікті атқарушы органдардың

2025 жылдың  IV тоқсанында

көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Жуалы ауданының жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай - ЖАО)
52 мемлекеттік қызмет түрі (кіші түрмен қосқанда 96 мемлекеттік қызмет) көрсетіледі.

Оның ішінде:

  • қағаз түрінде – 42 қызмет түрі (43,8 %);
  • электронды түрде – 3 қызмет (3,1 %);
  • мемлекеттік корпорация арқылы – 51 қызмет (53,1%).

2025 жылдың ІV тоқсанында аудан бойынша ЖАО 807 мың мемлекеттік қызметтер көрсетілген. 

Оның ішінде:

  • электронды түрде –   557 қызмет (69,02 %);
  • қағаз түрінде –     86 қызмет (10,66 %);
  • мемлекеттік корпорация арқылы – 164 қызмет (20,32 %).

 

Есепті мерзімде ЖАО қызмет берушілері 74 қызметті көрсетуден дәлелді бас тартты. Аталған бас тартулардың негізгі себептері қызмет алушылардың құжаттар топтамасын толық ұсынбауы немесе дұрыс толтырмауы.

2025 жылдың ІV тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағым түспеген.

Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер  жоқ.

ЖАО есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 2234 мың халықты қамтыған 14 түсіндірме                                    іс-шараларын (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) жүргізді.

         2025 жылдың ІV тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан ЖАО-ның
1 қызметкерлері өтті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2025 жылдың IV тоқсанында

көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапасына жүргізілген

ішкі бақылау мен ішкі байқау шаралары бойынша қысқаша есебі

 

Жуалы ауданының жергілікті атқарушы органдарының ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлері бекітілген жоспарға сәйкес, есепті кезеңде 1 ішкі бақылау жұмыстары  қамтыды. (1 нысан).

Нәтижесінде  109 бұзушылық анықталды және 3 ұсыныс әзірленіп, толығымен орындалды.

         Бақылаумен анықталған бұзушылықтардың ішінде, -   заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тізбеде көзделмеген құжаттарды талап ету – 74 фактісі, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процесін) бұзу – 35 фактісі.

Ішкі байқау шаралары бойынша

Жуалы ауданының жергілікті атқарушы органдарының ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлерімен, есепті кезеңде 1 ішкі байқау жұмыстары  қамтыды. (1 нысан).

Нәтижесінде 3 бұзушылық анықталды және 2 ұсыныс әзірленіп, толығымен орындалды.

         Бақылаумен анықталған бұзушылықтардың ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың өзге де талаптары бұзылған жағдайларда жүзеге асырылу 3 фактісі анықталды.

 

Дата публикации
09 декабря 2025