Жуалы ауданының жергілікті атқарушы органдардың
2025 жылдың 12 айындағы
көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Жуалы ауданының жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай - ЖАО)
52 мемлекеттік қызмет түрі (кіші түрмен қосқанда 96 мемлекеттік қызмет) көрсетіледі.
Оның ішінде:
- қағаз түрінде – 42 қызмет түрі (43,8 %);
- электронды түрде – 3 қызмет (3,1 %);
- мемлекеттік корпорация арқылы – 51 қызмет (53,1%).
2025 жылдың 12 айында облыс бойынша ЖАО-мен
5 484 мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
Оның ішінде:
Есепті мерзімде ЖАО қызмет берушілері 274 қызметті көрсетуден бас тартты. Аталған бас тартулардың негізгі себептері қызмет алушылардың құжаттар топтамасын толық ұсынбауы немесе дұрыс толтырмауы.
2024 жылдың 12 айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге
шағым түспеген.
Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны – 0.
Жуалы ауданының ЖАО-мен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 2025 жылдың 12 айында 110 түсіндірме іс-шараларын (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) жүргізді.
2025 жылдың 12 айында ЖАО-ның 4 қызметкеі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан өтті.
Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің сапасына жүргізілген
ішкі бақылау жұмыстары бойынша
2024 жылдың 12 айының қысқаша есебі
«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының» (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген) 37-тармағына сәйкес Жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау іс-шараларының жоспары бойынша 2025 жылдың 12 айында
8 бақылау іс-шаралары (8 нысан).
Нәтижесінде, қызмет берушілердің кінәсінен (субъективті себептерінен), яғни жауапкершіліктерінің және біліктіліктерінің төмендігінен, сонымен қатар уақытылы әрекет етпеулерінің салдарынан жіберілген 295 заңбұзушылық анықталды.
Сонымен қатар, бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша
2 жауапты тұлғаға тәртіптік шаралар қабылданды.
Бақылау іс-шарасының қорытындысы бойынша 25 ұсыныс әзірленіп, толығымен орындалды.