|
|
Мемлекеттік әлеуметтік |
|
|
Нысан |
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік жобалардың іске асырылуы мен нәтижелерін бағалау туралы ақпарат
|
Әлеуметтік жобаның атауы |
Өнім берушінің атауы |
Шарт сомасы (мың теңге) |
Мақсаттары мен міндеттері |
Жобаны іске асыру кезеңі |
Әлеуметтік жобаны орындау процесі және өткізілген іс-шаралар |
Нәтижелері (қойылған мақсаттарға қандай деңгейде қол жеткізуге болады) |
Жобаның бағалау (орташа бағасы) |
|
«Отбасы институтын нығайту және гендерлік мәдениетті қалыптастыру» |
«Елу жылда – Ел жаңа» қоғамдық бірлестігі |
1 350,0 |
Отбасы институтын нығайту, гендерлік мәдениетті дамыту және отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алуға бағытталған шаралар ұйымдастыру |
12.08.2025 – 25.11.2025 |
14 ауылдық округте отбасы институтын нығайту, гендерлік мәдениетті дамыту, отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасына бағытталған 15 шара, «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасы бойынша 50 жыл отасқан «Алтын шаңырақ» және 25 жыл отасқан «Күміс кереге» номинациялары бойынша марапаттау рәсімі, «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында 5 іс-шара, «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының аудандық жеңімпаздарының марапаттау рәсімі және «Ұшқан ұя – ұлттық тәрбие мектебі» атты аудандық әйел-аналар форумы, репродуктивті денсаулықты сақтау, ерте жүктіліктің алдын алу мәселелрі бойынша психолог, медицина қызметкерлерінің қатысуымен мектептерде, колледжде жасөспірімдер, жастармен кездесулер, білікті психолог маманның қатысуымен аудандағы жастар, мектеп оқушылары арасында 2 тренинг өткізілді. |
Жоба аясында жоспарға сәйкес 26 шара өткізіліп, 1100 адам қамтылды. |
5 |
|
«ҮЕҰ-дар мен Этномәдени бірлестіктердің қызметін дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» |
«Jastar» дамыту орталығы» жастар қоғамдық бірлестігі |
1 800,0 |
Үкіметтік емес ұйымдардың қызметін қолдау мақсатында оқыту-семинарларын ұйымдастыру; Этносаралық келісім және татулықты нығайту бойынша түрлі форматтағы іс-шаралар өткізіп, бейнорликтер әзірлеп шығару |
26.06.2025 – 25.11.2025 |
«COWORKING» орталығында «ҮЕҰ Дерекқорына мәлімет ұсыну», «ҮЕҰ-ға арналған гранттарды жүзеге асыру», «Мемлекеттік сатып алу порталында конкурстарға құжат дайындау, қатысу жолдары» тақырыптарында оқыту семинары ұйымдастырылды. Шараға 10 қоғамдық ұйым қатысты; «ҮЕҰ. Мемлекет. Бизнес» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Шараға 30 адам қамтылды; Аудандық мәдениет үйінде «Этносаралық татулық: күнделікті өмірде сыйластық пен бірлікті қалай нығайтуға болады?» тақырыбында семинар ұйымдастырылып, 40 адам қамтылды; «Этномәдени бірлестіктер: өз мәдениетіңді танытып, өзгелерді түсіну жолдары» тақырыбында тренинг өткізіліп, 30 адам қамтылды; «Жуалы ауданында ұлттық жоба мен көші-қон саясаты» бойынша 6 ауылда кездесу ұйымдастырылып, 230 адам қамтылды; «Өнеріміз саған – Қазақстан!» тақырыбында этнос өкілдері арасында байқау өткізіліп, 60 адам қатысты.
|
Жоба аясында жоспарға сәйкес 10 іс-шара ұйымдастырылып, 800 адам қатысты. |
5 |
|
«Қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуына бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» |
«Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігі |
1 350,0 |
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша түрлі форматтағы іс-шаралар өткізіп, бейнероликтер әзірлеп шығару |
26.06.2025 – 25.11.2025 |
«Әділдік – қоғамның іргетасы», «Сыбайлас жемқорлықтың салдары», «Тұрмыстық жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруда отбасының рөлі», «Сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл-әрбір азаматтың міндеті», «Адал азамат тәрбиелеу – отбасының борышы», тақырыптарында 14 ауылдық округте кездесулер өткізіліп, 600 адам қамтылды. Сонымен қатар, жастар арасында «Парасат жолы – адалдық жолы» тақырыбында облыстық брейнг-ринг интеллектуалды ойыны өткізіліп, 80 адам қамтылды. |
Жоба аясында жоспарға сәйкес 15 шара ұйымдастырылып, 680 адам қамтылды. Тақырыптық 3 баннер орналастырылып, 1 видеоролик әзірленді. |
5 |
|
«Дін саласында ақпараттық-түсіндіру және ағарту іс-шараларын ұйымдастыру» |
«Jastar» дамыту орталығы» жастар қоғамдық бірлестігі |
1 800,0 |
Аудан тұрғындары арасында діни экстремизм және терроризмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық, профилактикалық, танымдық жұмыстар жүргізу
|
26.06.2025 – 25.11.2025 |
Дәстүрлі емес діни ағым идеясына ерушілерді ақпараттық-түсіндіру, оңалту, Қазақстан қоғамының құндылықтарына бейімдеу жұмыстары жүргізілді. Аудандағы деструктивті діни ағым идеясына ерушілерімен кешенді және нүктелі оңалту жұмыстарынан 8 ДДА ерушілерімен жеке кездесу ұйымдастырылып, 2 ДДА ерушілері оңалтылды. Мешіттердегі (Бақалы, Көлбастау, Теріс) жергілікті жамағат арасында 6 мешітте ағарту жұмыстары жүргізіліп, 150-ден аса адам қамтылды. Орталық аурухана, мектеп, колледж жастарымен 7 кездесу ұйымдастырылып, 500 адам қамтылды. ҚМДБ ғұламалар кеңесінің мүшесі, РАНТ мүшесі, исламтанушы Арман Қуанышбаев Баймаханұлының қатысуымен «Дін және қоғам» атты кездесу өткізіліп, 200-ден аса адам қамтылды. ҚМДБ ғұламалар кеңесінің мүшесі, РАНТ мүшесі, исламтанушы Арман Қуанышбаев Баймаханұлының қатысуымен «Дін рухани тәрбиенің ұлттық құндылығы» атты кездесу өткізіліп, 70-тен аса адам қамтылды. Жоба аясында 14 баннер орналастырылып, 10 видеоролик әзірленді. |
Жоба аясында жоспарға сәйкес 23 іс-шара ұйымдастырылып, 930 адам қатысты. |
5 |
|
«Нашақорлық пен суицидтің алдын алу мақсатында іс-шаралар ұйымдастыру» |
«Jastar» дамыту орталығы» жастар қоғамдық бірлестігі |
1 800,0 |
Нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және заңсыз жарнамалау фактілерін анықтау және жолын кесу шараларын жүзеге асыру. Аудан жастарымен мектеп оқушылары арасында учаскелік полиция инспекторымен бірлесіп кездесулер өткізіп, тусіндіру жұмыстарын жүргізу.
|
26.06.2025 – 25.11.2025 |
«Нашақорлыққа жол жоқ!» тақырыбында бұқаралық спорт түрінен жарыс ұйымдастырылды. Қатысушылар саны: 30 адам; «Нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында ата-аналармен 8 кездесу өтті. Қатысушылар саны: 245 адам; «Нашақорлық және құқық бұзушылық» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Шараға 200 адам қамтылды. Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ басшысының орынбасары, психолог Тілеухан Бақдәулет Мамырханұлы мектептің жоғары сынып оқушылары және ата-аналармен кездесу өткізді. 200 адам қатысты. Білікті теологтың қатысуымен №1 Ш.Мұртаза мектебінде «Нашақорлық – құрдымға апарар жол» тақырыбында кездесу өткізілді. Шараға 150 адам қатысты; 26 маусым – халықаралық нашақорлықпен күрес күніне орай, «Нашақорлыққа жол жоқ!» атты акция ұйымдастырылды. 20 адам қатысты; Жамбыл облыстық «Жастар» денсаулық орталығының жетекшісі, психолог Қалдыбаева Гүлзира Бекболатовна Жуалы ауданы Д. Қонаев атындағы мектеп-гимназиясында «Оқушылар арасында суицидтік мінез-құлықты анықтау және алдын алу жолдары» тақырыбында мектеп психологтары мен сынып жетекшілерге арналған семинар-тренинг өткізілді. Шараға 60 адам қамтылды; Жуалы ауданындағы №91678 әскери бөлімінде «Суицидтің өршуі – қоғамға келген қатер» атты тақырыпта тәрбие бағытына арналған кездесу өткізілді. Шараға 150 адам қатысты. |
Жоба аясында 15 шара өткізіліп, 850 адам қамтылды. Нашақорлық пен суицидтің профилактикасына бағытталған 2 баннер дайындалып және 5 бейнеролик әзірленді. Сонымен қатар, нашақорлықтың алдын алуға бағытталған 500 таратпа материалдар әзірленіп таратылды. |
5 |
|
«Ардагерлер ұйымдарына қолдау көрсету орталығының қызметін ұйымдастыру» |
«Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысық филиалы |
1 800,0 |
Аудан ардагерлерін қолдау мақсатында іс-шаралар ұйымдастыру |
12.08.2025 – 25.11.2025 |
Қайрат ауылдық мәдениет үйінде, №15 А.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейінде «Ауданды дамыту міндеттері мен өзекті мәселелерін шешу, талқылау және әлеуметтік қамсыздандырудың өзекті мәселелерін талқылау» бойынша дөңгелек үстел отырысы өткізіліп, 170 адам қамтылды; Аудандық мәдениет үйінде «Жуалы ауданында ардагерлер ұйымдарындағы ардагерлердің белсенділігін көтеру, оларды қоғамдық жұмысқа тарту» бойынша семинар ұйымдастырылып, 250 адам қамтылды; Көкбастау, Ақсай, Қызыларық, Ақтөбе ауылдық округтерінде «Жастар арасында ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру» тақырыбында семинарлар өткізіліп, 100 адам қамтылды; «Ұлттық құндылықтар, салт-дәстүр және той өткізу мәдениет» тақырыбында 3 кездесу өткізіліп, 350 адам қамтылды; Аудандық мәдениет үйінде «Атадан қалған асыл сөз» тақырыбында шешендік өнерді, бата беруді үйрету бойынша 2 шара өткізіліп, 300 адам қамтылды; №15 А.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейінде «Жастар арасында идеологиялық, оның ішінде рухани мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында кездесу өткізіліп, 35 адам қатысты; №19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясында «Ырыс алды – ынтымақ» тақырыбында этнос өкілдерімен кездесу өткізіліп, 65 адам қамтылды; 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай «Қарттарға қамқорлық» тақырыбында акция ұйымдастырылды. Шараға 150 адам қатысты; 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай шахматтан ардагерлер арасында аудандық турнирі өткізіліп, шараға 50 адам қамтылды; Ауданның 48 ардагері Түркістан қаласының киелі жерлеріне экскурция жасады; «Туған жер – киелі мекен» айдарымен Күреңбел ауылдық округіндегі Батырбек датқа кесенесіне экспедиция ұйымдастырылды. Экспедицияға 30 адам қамтылды; Ақсай, Көкбастау ауылдық округтерінде «Ауылым – алтын бесігім!» тақырыбында өнер фестивалі өткізіліп, 600 адам қамтылды; Аудандық мәдениет үйінде «Жеңіс туы желбіресін!» тақырыбында ардагерлер арасында байқау ұйымдастырылып, 250 адам қамтылды; Аудандық мәдениет үйінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай аудандық әжелер арасында салт-дәстүр бойыншша сайыс ұйымдастырылып, 200 адам қамтылды; Аудандық мәдениет үйінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Қарттарымызды ардақтайық!» тақырыбында шара өтізіліп, 100 адам қамтылды; 30 тамыз – ҚР-ның Конституция күніне орай тоғызқұмалақ және асық ату спорттық ойындарынан аудандық спартакиада ұйымдастырылып, 70 адам қатысты; Б.Момышұлының 115 жылдығына ардагерлер арасында шахматтан аудандық спартакиада өткізіліп, 70 адам қамтылды; Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты ардагерлер арасында теннистен аудандық спартакиада ұйымдастырылып, 70 адам қамтылды; |
Жоба аясында 26 іс- шара ұйымдастырылып, 3328 адам қамтылды. |
5 |
|
«Инво такси қызметі» |
«Шапағат» корпоративтік қоры |
20 000,0 |
Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды тасымалдау |
13.01.2025 – 31.12.2025 |
Аудан бойынша мүмкіндігі шектеулі 102 азаматқа 2 инватакси адам тасымалдау қызметін көрсетілді. |
Аудан бойынша мүмкіндігі шектеулі 102 азаматқа 2 инватакси адам тасымалдау қызметін көрсетілді. |
5 |
|
«Жартылай стационарлық жағдайында 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық аурумен ауыратын, тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету» |
«Жуалы мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту және бейімдеу орталығы» мүгедектер қоғамдық бірлестігі |
21 150,0 |
18 жасқа дейінгі психоневрологиялық аурумен ауыратын, тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету |
25.02.2025 – 31.12.2025 |
Жартылай стационарлық жағдайында 20 психоневрологиялық аурумен ауыратын, тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілді. |
Жартылай стационарлық жағдайында 20 психоневрологиялық аурумен ауыратын, тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілді. |
5 |
|
«Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатындар мен босатылғандарды және пробация қызметінде есепте тұрғандарды әлеуеттендіру» |
«Жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі |
1 000,0 |
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатындар мен босатылғандарды және пробация қызметінде есепте тұрғандармен іс-шаралар ұйымдастыру |
05.05.2025 – 31.12.2025 |
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатындар мен босатылғандарды және пробация қызметінде есепте тұрғандарды әлеуеттендіру бойынша 39 адамға әр түрлі іс-шара ұйымдастырылды. |
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатындар мен босатылғандарды және пробация қызметінде есепте тұрғандарды әлеуеттендіру бойынша 39 адамға әр түрлі іс-шара ұйымдастырылды. |
5 |