Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы мен
«Жуалы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығы» КММ арасында Жас сайлаушылар клубын құру бойынша ынтымақтастық туралы
МЕМОРАНДУМ
Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы (бұдан әрі– ЖО АСК) атынан ЖА АСК төрағасы Нурзия Бахторазқызы Алтыбаева, бір жағынан, және «Жуалы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығы» КММ (бұдан әрі – Облыстық ЖРО) атынан директоры Жеңісбек Оразбақұлы Сейтбеков, екінші жағынан, бірлесе «Тараптар», төмендегі туралы осы Меморандумды жасады:
Осы Меморандумның мақсаты Жас сайлаушылар клубын құру арқылы, жастардың назарын сайлау процесінің өзекті мәселелеріне аудару, олардың сайлау белсенділігі мен құқықтық мәдениетін арттыру бойынша Тараптардың бірлескен және келісілген әрекеті болып табылады.
Ынтымақтастық Тараптардың өзара қызығушылығы негізінде жүзеге асырылады.
Тараптар өз құзіреті шегінде келесі бағыттар бойынша серіктестікті жүзеге асыруға ниетті:
1) жас сайлаушылардың сайлау мәдениетін арттырудың тиімді жолдарын айқындау;
2) жастар арасында сайлау құқықтарын түсіндіру бойынша соңғы ақпараттық технологиялық тәсілдерін әзірлеу;
3) жастардың сайлау процесіне қатысуының өзекті мәселелерін қарау бойынша диалог алаңы;
4) жас сайлаушылардың сайлау процесіне қызығушылығын арттыру;
5) сайлауды және референдумдарды ұйымдастырушы жастар арасынан кадрлардың кәсіби резервін қалыптастыру;
6) Дүниежүзілік сайлау күніне арналған жыл сайынғы өткізілетін
іс-шараларға қатысу;
7) саяси партиялардың өкілдерімен, кандидаттармен, олардың сенімді білдірген адамдарымен (электоралдық кезеңде) кездесулер ұйымдастыру;
8) сайлаушыларды сайлауға шақыру, шақыру қағазын тарату кезеңінде «Есіктен-есікке» акциялары аясында тұрғындармен кездесу, Конституциялық құқықтарын түсіндіру;
9) сайлау процесін ұйымдастыру және өткізу барысында жастар мәселесі бойынша халықаралық тәжірибені зерделеу.
Осы Меморандумды іске асырудың негізгі тетігі жыл соңында келесі жылға бірлескен жылдық жоспар әзірлеу болып табылады, оған ұсыныстарды Тараптар жібереді.
Осы Меморандумда көрсетілген ынтымақтастық бағыттарын іске асыру мақсатында, Тараптар жұмыс және сарапшылық топтар құрып, үйлестірушілерді тағайындай алады.
Осы Меморандум Тараптар қол қойған сәттен бастап күшіне енеді.
Тараптар осы Меморандумды жасау қаржылық міндеттемелер туындауға соқтырмайтынын жеке айтады, және соңғысының туындауы үшін Тараптар белгіленген тәртіпте жеке келісім жасауы керек.
Осы Меморандум, егер Тараптардың кез келгені басқа Тарапқа Меморандумның әрекетін тоқтату туралы талабын оның аяқталуына үш айдан кем емес мерзімге дейін жазбаша түрде жібермесе, автоматты түрде ұзартылуы тиіс.
Осы Меморандумға өзгерістер мен толықтырулар енгізу Тараптардың өзара келісімі арқылы жүзеге асырылады және осы Меморандумның ажырамас бөлігі болып табылатын жеке хаттамамен ресімделеді.
Осы Меморандум әр Тарап үшін заңдық күші бірдей екі данада, мемлекеттік тілде, бір-бір данадан жасалған.
|
Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы
Н.Алтыбаева_________________
|
«Жуалы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры
Ж.Сейтбеков___________________ |
Б.Момышұлы ауылы, 2025 жылғы 6 тамыз