Постановлением

Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

жанынан Жас сайлаушылар клубын құру туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Коститутциялық заңның 14 бабының 11-1)- тармағына және 12)-тармағына сәйкес Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиялары жанынан жас сайлаушылар клубы форматында диалог алаңдары және өзге де жастармен өзара іс-қимыл нысандары құрылсын.
  2. Жас сайлаушылар клубының жұмысын жоспарлап, үйлестірудегі мемлекеттік мекемелер келісімі №1 қосымшаға сәйкес рәсімделсін.
  3. Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы жанынан құрылатын жас сайлаушылар клубы туралы Ереже №2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  4. Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-мен бірлескен жылдық шаралар кешені жоспарлары әзірленсін.
  5. Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы жанынан Жас сайлаушылар клубын құру туралы қаулы қабылдау жұмыстары жүргізілсін.
  6. Жас сайлаушылар клубын құру туралы қаулының орындалуын бақылау Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Бахытжан Есентайұлы Данияровқа жүктелсін.
  7. Осы қаулы Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсына орналастырсын.

 

 

Төраға                                                               Н. Алтыбаева

 

Хатшы                                                               Ш. Боранбаев

 

 

 

Б.Момышұлы ауылы

2025 жылғы 09 қыркүйек

№5

 

2025  жылғы 09 қыркүйектегі №5 қаулыға

№2-қосымша

 

 

Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының жанындағы

жас сайлаушылар клубының

ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
    Жас сайлаушылар клубы (бұдан әрі – Клуб) Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының (бұдан әрі – Жуалы ААСК) жанындағы жас сайлаушылар клубы форматында диалог алаңдары және өзге де жастармен өзара іс-қимыл нысандарын ұйымдастырушы орган болып табылады.

Осы Ереже клуб қызметін жүзеге асыру тәртібін анықтайды.

  1. Клуб өз қызметін жүзеге асыру кезінде Жуалы ААСК мүшелерімен, сондай-ақ өзге де органдар мен ұйымдармен, азаматтармен өзара іс-қимыл жасайды және өзге ұйымдармен іс-қимыл жасау барысында Клубтың оң имиджін қалыптастыру қажет.
  2. Клубтың Ережесі Жуалы ААСК қаулысымен бекітіледі.

 

  1. Жас сайлаушылар клубының мақсаты мен міндеттері

 

  1. Клубты құрудың мақсаты жастардың назарын сайлау процесінің өзекті мәселелеріне аудару, олардың сайлау белсенділігі мен құқықтық мәдениетін арттыру және жас сайлаушылар форматында диалог алаңдары және өзге де жастармен өзара іс-қимыл жасау нысандары болып табылады.
  2. Клубтың негізгі міндеттері:

1) жас сайлаушылардың сайлау мәдениетін арттырудың тиімді жолдарын айқындау;

2) жастар арасында сайлау құқықтарын түсіндіру бойынша қазіргі заманғы тәсілдерді әзірлеу;

3) жастардың сайлау процесіне қатысуының өзекті мәселелерін қарау;

4) жас сайлаушылардың сайлау процесіне қызығушылығын арттыру;

5) сайлауды және референдумдарды ұйымдастырушы жастар арасынан кадрлардың кәсіби резервін қалыптастыру;

6) Дүниежүзілік сайлау күніне арналған жыл сайынғы өткізілетін іс-шараларға қатысу;

7) саяси партиялардың өкілдерімен, кандидаттармен, олардың сенімді білдірген адамдарымен (электоралдық кезеңде) кездесулер ұйымдастыру;

8)  сайлаушыларды сайлауға шақыру, шақыру қағазын тарату кезеңінде «Есіктен-есікке» акциялары аясында тұрғындармен кездесу, Конституциялық құқықтарын түсіндіру.

 

  1. Жас сайлаушылар клубының құрамы мен мүшелерінің құқықтары

 

  1. Клубтың қатысушылары жас сарапшылар мен ғалымдар, өңірлік жастар ресурстық орталықтарының, коммерциялық емес қоғамдық бірлестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері (келісім бойынша) және колледждер мен жоғарғы оқу орындарының білімгерлерінен тұрады.
  2. Жас сайлаушылар Клубының мүшесі ретінде 15-35 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматы бола алады (кәмелет жасқа толмаған жастар, заңды өкілдерінің келісімі бойынша).
  3. Клуб мүшелері Клуб отырыстарының күн тәртібіне енгізілген мәселелерді талқылау кезінде тең құқықтарға ие.
  4. Клуб қатысушылары құқылы:

1) Жуалы ААСК Төрағасы мен мүшелеріне ұсыныстар жасауға;

2) Клуб қатысушыларының өзге пікірлерімен келіспеген жағдайда өз пікірін баяндауға құқылы, ол Клуб отырысының хаттамасына қоса тіркелуге тиіс.

 

  1. Жас сайлаушылар клубының қызметін ұйымдастыру

 

  1. Клубтың қызметі әртүрлі форматтағы отырыстар түрінде жүзеге асырылады, оның ішінде: жастар арасында дәрістер, дөңгелек үстелдер, пікір-сайыстар, акциялар, конкурстар, викториналар, блиц-турнилер, ғылыми конференциялар, баяндамалар, талқылаулар, іскерлік ойындар өткізу.
  2. Клубтың отырыстарын Жуалы ААСК Төрағасы қажеттілікке қарай, бірақ жылына кемінде екі рет шақырады және өткізеді.
  3. Клубтың қызметін, іс-қағаздарын жүргізуді және отырыстардың дайындалуын ұйымдастыруды қамтамасыз ететін Жуалы ААСК мүшесі болып табылады.
  4. Жас сайлаушылардың элекоратты мәдниетін жоғарлату мақсатында Клуб мүшелерінің арнайы дайындық курстарын жоғары тұрған сайлау комиссиялары ұйымдастырады.
  5. Сайлау науқаны барысында оқу-курстарынан өткен Клуб мүшелері (келісімдері бойынша) сайлаушылар сұрақтарына жауап беру ретінде құрылған Call-орталықтарының жұмысына тартылуы мүмкін.
  6. Жұмыс органы:

1) отырыстарды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру жұмысын жүзеге асырады;

2) Клуб қатысушыларын кезекті отырыстың өтетін күні мен күн тәртібі туралы оны өткізгенге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді;

3) Клуб қызметін ұйымдастыруға жауаптылар саны Жуалы ААСК мүшесін қосқанда 7 адамнан тұрады;

4) Клуб жетекшісі, жетекшінің орынбасары және хатшысы бірінші отырыста ашық дауыс беру арқылы айқындалып, хаттамамен бекітіледі;

5) Клуб отырысында талқыланған ұсынымдарды отырысқа қатысып отырған Клуб мүшелерінің жартысынан астамы қолдаған жағдайда, олар қабылданады;

6) Клуб отырсының күн тәртібіндегі әр тармағын Клуб жетекшісі талқылау форматында өткізеді;

7) Клуб отырысы аудио-бейнежазба құралдарын пайдалана отырып жүргізілуі мүмкін;

8) Күн тәрібіндегі тармақтар Клуб отырысының хаттамасына енгізіледі және Жуалы ААСК жіберіледі

 

  1. Қорытынды ережелер

 

  1. Осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар Жуалы ААСК қаулысымен енгізіледі.
  2. Клуб қызметі Жуалы ААСК Төрағасының қаулысымен тоқтатылады.

Қаулы ЖСК

Дата публикации
13 января 2026