Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
жанынан Жас сайлаушылар клубын құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Коститутциялық заңның 14 бабының 11-1)- тармағына және 12)-тармағына сәйкес Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиялары жанынан жас сайлаушылар клубы форматында диалог алаңдары және өзге де жастармен өзара іс-қимыл нысандары құрылсын.
- Жас сайлаушылар клубының жұмысын жоспарлап, үйлестірудегі мемлекеттік мекемелер келісімі №1 қосымшаға сәйкес рәсімделсін.
- Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы жанынан құрылатын жас сайлаушылар клубы туралы Ереже №2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
- Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-мен бірлескен жылдық шаралар кешені жоспарлары әзірленсін.
- Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы жанынан Жас сайлаушылар клубын құру туралы қаулы қабылдау жұмыстары жүргізілсін.
- Жас сайлаушылар клубын құру туралы қаулының орындалуын бақылау Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Бахытжан Есентайұлы Данияровқа жүктелсін.
- Осы қаулы Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсына орналастырсын.
Төраға Н. Алтыбаева
Хатшы Ш. Боранбаев
Б.Момышұлы ауылы
2025 жылғы 09 қыркүйек
№5
2025 жылғы 09 қыркүйектегі №5 қаулыға
№2-қосымша
Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының жанындағы
жас сайлаушылар клубының
ЕРЕЖЕСІ
- Жалпы ережелер
- Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
Жас сайлаушылар клубы (бұдан әрі – Клуб) Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының (бұдан әрі – Жуалы ААСК) жанындағы жас сайлаушылар клубы форматында диалог алаңдары және өзге де жастармен өзара іс-қимыл нысандарын ұйымдастырушы орган болып табылады.
Осы Ереже клуб қызметін жүзеге асыру тәртібін анықтайды.
- Клуб өз қызметін жүзеге асыру кезінде Жуалы ААСК мүшелерімен, сондай-ақ өзге де органдар мен ұйымдармен, азаматтармен өзара іс-қимыл жасайды және өзге ұйымдармен іс-қимыл жасау барысында Клубтың оң имиджін қалыптастыру қажет.
- Клубтың Ережесі Жуалы ААСК қаулысымен бекітіледі.
- Жас сайлаушылар клубының мақсаты мен міндеттері
- Клубты құрудың мақсаты жастардың назарын сайлау процесінің өзекті мәселелеріне аудару, олардың сайлау белсенділігі мен құқықтық мәдениетін арттыру және жас сайлаушылар форматында диалог алаңдары және өзге де жастармен өзара іс-қимыл жасау нысандары болып табылады.
- Клубтың негізгі міндеттері:
1) жас сайлаушылардың сайлау мәдениетін арттырудың тиімді жолдарын айқындау;
2) жастар арасында сайлау құқықтарын түсіндіру бойынша қазіргі заманғы тәсілдерді әзірлеу;
3) жастардың сайлау процесіне қатысуының өзекті мәселелерін қарау;
4) жас сайлаушылардың сайлау процесіне қызығушылығын арттыру;
5) сайлауды және референдумдарды ұйымдастырушы жастар арасынан кадрлардың кәсіби резервін қалыптастыру;
6) Дүниежүзілік сайлау күніне арналған жыл сайынғы өткізілетін іс-шараларға қатысу;
7) саяси партиялардың өкілдерімен, кандидаттармен, олардың сенімді білдірген адамдарымен (электоралдық кезеңде) кездесулер ұйымдастыру;
8) сайлаушыларды сайлауға шақыру, шақыру қағазын тарату кезеңінде «Есіктен-есікке» акциялары аясында тұрғындармен кездесу, Конституциялық құқықтарын түсіндіру.
- Жас сайлаушылар клубының құрамы мен мүшелерінің құқықтары
- Клубтың қатысушылары жас сарапшылар мен ғалымдар, өңірлік жастар ресурстық орталықтарының, коммерциялық емес қоғамдық бірлестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері (келісім бойынша) және колледждер мен жоғарғы оқу орындарының білімгерлерінен тұрады.
- Жас сайлаушылар Клубының мүшесі ретінде 15-35 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматы бола алады (кәмелет жасқа толмаған жастар, заңды өкілдерінің келісімі бойынша).
- Клуб мүшелері Клуб отырыстарының күн тәртібіне енгізілген мәселелерді талқылау кезінде тең құқықтарға ие.
- Клуб қатысушылары құқылы:
1) Жуалы ААСК Төрағасы мен мүшелеріне ұсыныстар жасауға;
2) Клуб қатысушыларының өзге пікірлерімен келіспеген жағдайда өз пікірін баяндауға құқылы, ол Клуб отырысының хаттамасына қоса тіркелуге тиіс.
- Жас сайлаушылар клубының қызметін ұйымдастыру
- Клубтың қызметі әртүрлі форматтағы отырыстар түрінде жүзеге асырылады, оның ішінде: жастар арасында дәрістер, дөңгелек үстелдер, пікір-сайыстар, акциялар, конкурстар, викториналар, блиц-турнилер, ғылыми конференциялар, баяндамалар, талқылаулар, іскерлік ойындар өткізу.
- Клубтың отырыстарын Жуалы ААСК Төрағасы қажеттілікке қарай, бірақ жылына кемінде екі рет шақырады және өткізеді.
- Клубтың қызметін, іс-қағаздарын жүргізуді және отырыстардың дайындалуын ұйымдастыруды қамтамасыз ететін Жуалы ААСК мүшесі болып табылады.
- Жас сайлаушылардың элекоратты мәдниетін жоғарлату мақсатында Клуб мүшелерінің арнайы дайындық курстарын жоғары тұрған сайлау комиссиялары ұйымдастырады.
- Сайлау науқаны барысында оқу-курстарынан өткен Клуб мүшелері (келісімдері бойынша) сайлаушылар сұрақтарына жауап беру ретінде құрылған Call-орталықтарының жұмысына тартылуы мүмкін.
- Жұмыс органы:
1) отырыстарды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру жұмысын жүзеге асырады;
2) Клуб қатысушыларын кезекті отырыстың өтетін күні мен күн тәртібі туралы оны өткізгенге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді;
3) Клуб қызметін ұйымдастыруға жауаптылар саны Жуалы ААСК мүшесін қосқанда 7 адамнан тұрады;
4) Клуб жетекшісі, жетекшінің орынбасары және хатшысы бірінші отырыста ашық дауыс беру арқылы айқындалып, хаттамамен бекітіледі;
5) Клуб отырысында талқыланған ұсынымдарды отырысқа қатысып отырған Клуб мүшелерінің жартысынан астамы қолдаған жағдайда, олар қабылданады;
6) Клуб отырсының күн тәртібіндегі әр тармағын Клуб жетекшісі талқылау форматында өткізеді;
7) Клуб отырысы аудио-бейнежазба құралдарын пайдалана отырып жүргізілуі мүмкін;
8) Күн тәрібіндегі тармақтар Клуб отырысының хаттамасына енгізіледі және Жуалы ААСК жіберіледі
- Қорытынды ережелер
- Осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар Жуалы ААСК қаулысымен енгізіледі.
- Клуб қызметі Жуалы ААСК Төрағасының қаулысымен тоқтатылады.
Қаулы ЖСК