Сайлау округтерінің шекарасы мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерлері туралы хабарлама

 Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

 

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14 бабы 6) тармағына,  22 бабына  №13 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Жуалы аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарының 1 тармағына сәйкес Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы №13 бірмандаттық аумақтық сайлау округінің шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының, №13 бірмандаттық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерлері туралы хабарлайды.

         Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері: Б.Момышұлы ауылы, Қонаев көшесі №6 үй, «Жуалы ауданы әкімдігінің денешынықтыру және спорт бөлімі» КММ.

№13 округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Қызыларық ауылдық округі, Ақтөбе ауылы, Руханият көшесі №27, "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" КММ "Жуалы аудандық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы" МКҚК Ақтөбе ауылдық клубы.

Шекаралары: Алатау ауылы «Бауыржан Момышұлы» атындағы шекара заставасы, Қызыларық ауылы, Бәйтерек ауылы «Ақсуат» шекара заставасы, Жаңаталап, Ақтоған ауылдары, «Күркіреусу» станциясы, Ақтөбе ауылы, Теріс-Ащыбұлақ ауылы, «Сұрым» станциясы, №91678 әскери бөлімі. №13 сайлау округінің құрамына: №209, №210, №211, №212, №213, №214, №217  сайлау учаскелері кіреді.

 

Дата публикации
04 сентября 2025