Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 27 тамыздағы №4 қаулысына қосымша
2025 жылғы 26 қазанға тағайындалған
Жуалы аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың
КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ
|
1. Сайлау округтерінің тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей 2025 жылғы 6 қыркүйегінен кешіктірмей (14-б. 6-тт., 22-б.) |
|
2. Аумақтық және округтік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей 2025 жылғы 6 қыркүйегінен кешіктірмей
(13-б. 4-т., 15-1-б. 3-т.)
|
|
3. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Жуалы ауданының әкімі Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзім ішінде 2025 жылғы 11 қыркүйегінен кешіктірмей
(23-б. 5-т.)
|
|
4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей 2025 жылғы 11 қыркүйегінен кешіктірмей
(17-б. 2-т.)
|
|
5. Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну және тиісті округтік сайлау комиссиясына заңнамада көзделген құжаттарды ұсыну
|
|
|
|
Саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) және азаматтар өзін-өзі ұсыну арқылы 2025 жылғы 27 тамызда басталады және 2025 жылғы (103-б.)
|
|
6. Мәслихат депутаттығына кандидаттардың оларға Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу |
|
|
|
Округтік сайлау комиссиясы Көзделген құжаттарды ұсынғаннан кейін (102-б., 103-б. 6-т.)
|
|
7. 2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну (ұсынуды ұсыну мерзімі басталатын айдың бірінші күні) |
|
|
|
Кандидат және оның зайыбы (жұбайы) Тіркелгенге дейін (104-б. 2-т.)
|
|
8. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу |
|
|
|
Округтік сайлау комиссиясы 2025 жылғы 27 тамызда басталады және 2025 жылғы (104-б)
|
|
9. Кандидаттарды тіркеу туралы хаттамаларды Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну |
|
|
|
Округтік сайлау комиссиясы Тіркелген күннен бастап бес күндік мерзімде (104-б. 5-т.)
|
|
10. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Округтік сайлау комиссиясы Тіркелгеннен кейін жетінші күннен кешіктірмей
(16-1 б. 6-тт, 104-б. 6-1-т. 1-тт)
|
|
11. Кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу |
|
|
|
Округтік сайлау комиссиясы Сенім білдірілген адамдардың тізімі тіркеуге ұсынылғаннан кейін (16-1-б, 6-тт., 31-б.)
|
|
12. Кандидаттың және оның жұбайының (зайыбының) декларацияда көрсеткен активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру |
|
|
|
Мемлекеттік кіріс органы Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде (104-б. 2-т.)
|
|
13. Кандидаттардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу |
|
|
|
Округтік сайлау комиссиясы Кандидат тіркелгеннен кейін (34-б. 6-т.)
|
|
14. Бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттардың арнаулы шоттарына қаражаттың түсуі және олардың жұмсалуы туралы есептерді жариялау |
|
|
|
Округтік сайлау комиссиясы Айына екі рет
|
|
15. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды айқындау, оларды жарақтандыру және ақпараттандыру |
|
|
|
Жуалы ауданы әкімі Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Үгіт басталғанға дейін, 2025 жылғы 30 қыркүйекте сағат 18:00-ге дейін (28-б. 6-т.)
|
|
16. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу |
|
|
|
Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады 2025 жылғы 30 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00 -ден кейін басталады және 2025 жылғы 25 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 00.00-де аяқталады
(27-б. 2-т.)
|
|
17. Кандидаттарға (жүгінген кезде) сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру және бөлінген үй-жайларда кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Жуалы ауданының әкімдігі және Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде (28-б. 4-т.) |
|
18. Округтың әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссияларына акт бойынша ұсыну |
|
|
|
Жуалы ауданы әкімі Дауыс беру басталғанға дейін жиырма күн бұрын 2025 жылғы 5 қазан (26-1 б. 1-т.)
|
|
19. Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда 2025 жылғы 10 қазаннан бастап (26-б. 1-т.)
|
|
20. Дауыс беру күні, уақыты және орны туралы сайлаушыларды хабардар ету Әрбір сайлаушыға QR-кодты пайдалану арқылы кандидаттар туралы ақпаратты қамтитын сайлауға шақыру билетін беру, сайлаушылар тізімдерін нақтылау. |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей 2025 жылғы 15 қазанға дейін (18-б. 5 т.), 38-б. 2-т.)
|
|
21. Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін, сайлау процесіне өзге де қатысушыларды оқытуды ұйымдастыру, сайлауды ұйымдастыру және өткізу бойынша семинарлар мен практикалық тренингтер өткізу Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлауға дайындық және оны өткізу кезеңінде (14-б. 11т.) 11-1) т.)
22. Жекелеген сайлау учаскелерінде дауыс беруді бастау мен аяқтаудың басқа уақытын белгілеу және бұл туралы шешімді сайлаушыларға жеткізу |
|
|
|
Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау күніне дейінгі он күннен кешіктірмей (38-б. 1-т., 3-т.)
|
|
23. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу |
|
|
|
Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлауға кемінде үш күн қалғанда және бір күннен кешіктірмей 2025 жылғы 23 - 25 қазаны (37-б. 3-т.)
|
|
24. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда Дауыс беруді бастаудың басқа уақыты белгіленбесе, жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де 2025 жылғы 26 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 06.00-де (40-б. 1-т.)
|
|
25. Дауыс беруді өткізу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Сайлау күні, 2025 жылғы 26 қазанда, егер дауыс берудің басқа уақыты белгіленбесе, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін (38-б. 1-т.)
|
|
26. Сайлау учаскесінде Жуалы аудандық мәслихат депутатын сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау және дауыстарды санау |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары 2025 жылғы 26 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де басталады, егер дауыс берудің аяқталуының басқа уақыты белгіленбесе, және дауыстарды санау дауыстарды санау басталғаннан бастап 12 сағаттан аспауы тиіс Басталуы жергілікті уақыт бойынша 20: 00, (18-б. 8) т., 43-б.)
|
|
27. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу (43-б. 8-т.)
|
|
28. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды округтік сайлау комиссиясына ұсыну |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу
(108-б. 1-т.)
|
|
29. Округ бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну |
|
|
|
Округтік сайлау комиссиясы Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (108-б. 1-т.)
|
|
30. Мәслихаттың депутатының сайлау қорытындыларын анықтау |
|
|
|
Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап екі күннен кешіктірмей. 2025 жылғы 27 қазаннан кешіктірмей (14-б. 9) т., 44-б. 2- т., 108-б. 2-т.)
|
|
31. Мәслихат депутатын сайлау қорытындылары туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей 2025 жылғы 1 қарашадан кешіктірмей (14-б. 9) т., 44-б. 4-т. 2) тт.)
|
|
32. Шығып қалған мәслихаттар депутаттарының орнына сайланған депутаттарды тіркеу және куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсыру |
|
|
|
Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы (14-б. 9) т., 46-б. 3-т., 1) т., 112-б. 1-т.)
|
|
33. Сайлау қорына түскен ақшаның жалпы сомасы, оның көздері мен сайлау алдындағы үгітке жұмсалған шығыстары туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн бес күн ішінде (34-б. 4-т.) |
Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының, Арнаулы уақытша шот ашу және сайлау қорының қаражатын жұмсау қағидаларының (ҚР ОСК 1999 жылғы 7 тамыздағы №19/222 қаулысы) нормаларына сілтемелер берілді.