Жуалы ауданының жергілікті атқарушы органдарында 2025 жылдың І тоқсанында мемлекеттік көрсетілген қызметтерінің талдау анықтамасы

Жуалы ауданының жергілікті атқарушы органдардың

2025 жылдың  І тоқсанында

көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі

 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Жуалы ауданының жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай - ЖАО)
52 мемлекеттік қызмет түрі (кіші түрмен қосқанда 96 мемлекеттік қызмет) көрсетіледі.

Оның ішінде:

  • қағаз түрінде – 42 қызмет түрі (43,8 %);
  • электронды түрде – 3 қызмет (3,1 %);
  • мемлекеттік корпорация арқылы – 51 қызмет (53,1%).

2025 жылдың І тоқсанында аудан бойынша ЖАО 1687  мың мемлекеттік қызметтер көрсетілген. 

Оның ішінде:

  • электронды түрде –   649 қызмет (38,47 %);
  • қағаз түрінде –     261 қызмет (15,47 %);
  • мемлекеттік корпорация арқылы – 777 қызмет (46,06 %).

 

Есепті мерзімде ЖАО қызмет берушілері 121 қызметті көрсетуден дәлелді бас тартты. Аталған бас тартулардың негізгі себептері қызмет алушылардың құжаттар топтамасын толық ұсынбауы немесе дұрыс толтырмауы.

2025 жылдың І тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағым түспеген.

Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер  жоқ.

ЖАО есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 4586 мың халықты қамтыған 50 түсіндірме                                    іс-шараларын (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) жүргізді.

         2025 жылдың І тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан ЖАО-ның
0 қызметкерлері өтті.

 

 

 

2025 жылдың  І тоқсанында

көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапасына жүргізілген

ішкі бақылау мен ішкі байқау шаралары бойынша қысқаша есебі

 

Жуалы ауданының жергілікті атқарушы органдарының ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлері бекітілген жоспарға сәйкес, есепті кезеңде 1 ішкі бақылау жұмыстары  қамтыды. (1 нысан).

Нәтижесінде  110 бұзушылық анықталды және 4 ұсыныс әзірленіп, толығымен орындалды.

         Бақылаумен анықталған бұзушылықтардың ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімінің бұзылуы 85 фактісі, мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту мерзімінің бұзылуы 9 фактісі, мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелсіз бас тарту 8 фактісі, заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде көзделген жұмыс кестесін сақтамау
8 фактісі анықталды.

 

Ішкі байқау шаралары бойынша

Жуалы ауданының жергілікті атқарушы органдарының ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлерімен, есепті кезеңде 1 ішкі байқау жұмыстары  қамтыды. (1 нысан).

Нәтижесінде 5 бұзушылық анықталды және 3 ұсыныс әзірленіп, толығымен орындалды.

         Бақылаумен анықталған бұзушылықтардың ішінде, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың өзге де талаптары бұзылған жағдайларда жүзеге асырылады 5 фактісі анықталды.

 

 

Дата публикации
16 июля 2025