Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары 23,34 трлн теңгеге жеттібір жылдағы өсім – 21,3%
27.06.2025
2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақыжинақтарының көлемі 23,34 трлн теңгеге жетті. 12 айда 4,10 трлн теңгеге немесе 21,3%-ғаартты
2025 жылдың 1 маусымында міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқанзейнетақы жинақтарының көлемі 22,25 трлн теңге. 12 айдағы өсімі – 19,9%. Міндеттікәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары – 666,33 млрд теңге, 12 айдағы өсім – 10,7%. Өткен бір жыл ішінде ең үлкен өсімді (37,5%) еріктізейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсеттіолардың 2025 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша көлемі 8,45 млрд теңге
Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан түсебастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 2025 жылдың 1 маусымына 418,45 млрд теңге болды
Түсімдер
Зейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кірістүріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаядыБір жыл ішінде салымшылардың жеке жәнешартты зейнетақы шоттарына 1 301,01 млрд теңге түстіБұл өткен жылдың сәйкескезеңінің көрсеткішінен 20,4%-ға (немесе 220,26 млрд теңгеге) артық
Жыл басынан бері МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) 2025 жылдың 1 маусымына 1 070,38 млрд теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңіменсалыстырғанда МЗЖ көлемі 12,1%-ға ұлғайды), МКЗЖ – 57,24 млрд теңге (өсім – 21,1%), ЕЗЖ – 1,21 млрд теңге түсті. 2025 жылдың 5 айында ЖМЗЖ 172,18 млрд теңгені құрады.
Төлемдер мен аударымдар
2025 жылдың 5 айында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалғантөлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар 646,05 млрд теңгені құрадыБұлбылтыр жасалған төлемдер көлемінен 75,9% немесе 278,68 млрд теңгеге көп
Төлемдердің басым бөлігі тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналғанбіржолғы зейнетақы төлемдерінің (БЗТ) еншісінде – 374,68 млрд теңгеБұл реттебаламалы мақсаттарға төленетін төлемдер көлемі былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда41,25%-ға ұлғайды
Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер жыл бойына 22,21% ұлғайып, 01.06.2025ж. 98,08 млрд теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты берілетін орташаайлық төлем – 35 668 теңге
Жыл басынан бері 01.06.2025ж. дейін мұрагерлік бойынша 28,96 млрд теңге, ҚР-дан тысжерге тұрақты тұруға кетуге байланысты 15,24 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға – 1,32 млрд теңгежерлеуге – 4,48 млрд теңге көлемінде төлем жасалдыСақтандыруұйымдарына 123,29 млрд теңге аударылды.
ЖЗШ саны
2025 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарыныңжалпы саны – 17,59 млн. бірлік (12 айдағы өсім – 1,45 млн бірлік немесе 9%). Бұл реттесалымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2025 жылдың 1 маусымына12,56 млн бірлік болдыОның ішінде: 11,17 млн - МЗЖ бойынша, 736,94 мыңы - МКЗЖ бойынша, 450,31 мыңы – ЕЗЖ есептелетін шоттар
Ал БЖЗҚ-дағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келіп түскен ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны - 5,04 млн бірлік.
Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және аналитика» бөлімінде орналастырылған
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).