26.06.2025
2025 жылғы 1 маусымдағы көрсеткіш бойынша 2014 жылдан бастап жинақталған(зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілгеннен кейін) таза инвестициялық табыс 11,67 трлн теңгеге теңЖүзеге асырылған төлемдерді қоса алғанда қазақстандықтардыңзейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі жинақталған 01.06.2025 ж. таза инвестициялық кірістің үлесі 39,6% жеттіОсылайшаазаматтардың зейнетақыжинақтарының елеулі бөлігі инвестициялық табыс есебінен құралды
Зейнетақы активтерінің қысқа мерзімді жеке кезеңдердегі кірістілігі оларды басқарутиімділігінің көрсеткіші бола алмайдыӨйткені қаржы құралдары мен басқа операцияларбойынша сыйақы түріндегі қысқа мерзімде есептелген кірістер осы кезеңдегі бағалықағаздар мен валюта бағамдарының өзгеруін әрдайым жаба бермейдіСондықтанинвестициялық кірістің мөлшерін объективті талдауды кем дегенде бір жылдықкөрсеткіші бойынша жасаған жөн
Үнемі өзгеріп отыратын экономикалық орта жағдайында міндеттіміндетті кәсіптік жәнеерікті жарналар есебінен қалыптастырылып, ҚРҰБ басқаратынсоңғы 12 айда – 2024 жылғы маусым мен 2025 жылғы мамыр аралығындағы салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген зейнетақы активтерінің жалпы сомасы 2,60 трлн теңге болды. Осы кезеңдегі есептелген инвестициялық табыс 13,08% құрады, ал инфляция мөлшері 11,30%. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен жиналғанзейнетақы активтерінің кірістілігі соңғы 12 айда 11,39% көрсетті
Орта және ұзақ мерзімді келешекте зейнетақы жинақтарының оң нақты (жинақталғанинфляциядан асатын) табыстылығы қамтамасыз етіледіМәселен, 1998 жылыжинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған сәттен бастап 2025 жылғы 1 маусымға дейінжинақталған инвестициялық кірістілік 972,48% болды, ал бүкіл кезеңдегіинфляция 884,38%.
Қазақстанда инфляция деңгейін ескере отырыпміндетті зейнетақы жарналарыныңсақталуына бірегей кепілдік берілетінін еске саламызСалымшының төлемге құқығыбасталған кезде жинақталған кірістілігіне кері әсерін тигізген жекелеген кезеңдердегікірістіліктің төмендеуі жағдайында айырманың өтемақысына мемлекет кепілдік береді
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алу жүйесі толықтай ашықәрбір салымшының enpf.kz сайтындағы немесе ұялы қосымшадағы жеке кабинетіненөзінің инвестициялық кірісін көруге мүмкіндігі бар.
БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және олар орналастырылған қаржықұралдары туралы ақпарат Қордың (www.enpf.kz) ресми сайтындағы «Статистика жәнеаналитика/Зейнетақы активтерін инвестициялық басқарубөлімінде жарияланады
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).