БЖЗҚ Қоғамдық кеңесінің отырысында композиттік бенчмарк пен демографиялықтрендтерге актуарлық талдау енгізу жобасы талқыланды

БЖЗҚ Қоғамдық кеңесінің отырысында композиттік бенчмарк пен демографиялықтрендтерге актуарлық талдау енгізу жобасы талқыланды

25.06.2025

"БЖЗҚ" АҚ Қоғамдық кеңесінің (ҚК) 30 отырысы өттіІс-шараның күн тәртібіне сәйкесзейнетақы активтерін басқарушылардың қызметін бағалау кезінде композиттік бенчмаркенгізу шеңберіндегі алдағы жаңашылдықтар туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу жәнедамыту агенттігінің (ҚНРДА) бағалы қағаздар нарығы департаменті директорыныңорынбасары Алмабек Жанбеков баяндадыБаяндамашы Қоғамдық кеңес мүшелерінинвестициялық портфельді басқарушылардың қазіргі жұмысының жай-күйіолардыңқызметінің тиімділігін бағалаусондай-ақ инвестициялық портфельдерінің құрылымыментаныстырды. ҚНРДА өкілінің айтуыншаинвестициялаудың қазіргі тәсілінің бірнешекемшіліктері бар. Атап айтқанда

- ИПБ-да зейнетақы жинақтарын инвестициялау үшін тек бір ғана қордың болуыбұлсалымшылардың таңдау жасауына мүмкіндік бермейді

           - қысқа мерзімде кірістіліктің теріс айырмашылығын өтеубұл басқарушылардыңинвестициялық мүмкіндіктерін шектейдіпортфельді өте консервативті басқаруғамәжбүрлейді

өз басқаруында зейнетақы активтерінің ең көп мөлшері бар басқарушылар орташа кірістіқалыптастыруға айтарлықтай әсер етеді

Осы және басқа да факторлардысондай-ақ халықаралық тәжірибені ескере отырыпбенчмаркты құру үшін әр түрлі инвестициялық стратегияларды қамтитын 3 модельдікпортфель ұсыныладыконсервативтіорташатәуекелі жоғары

ИПБ композиттік индекстер негізінде инвестициялық стратегиялар үшін эталондықпортфельді дербес әзірлейтіні және бекітетіні айтылдыИнвестициялық портфельдіңтәуекел-көрсеткіші соңғы 12 айдағы композитті индекстің тәуекел-көрсеткішінен 1,2 еседен аспауы тиісИнвестициялық портфельдің кірістілігі таңдалған стратегияға жәнеинвестициялық кезеңге сәйкес есептеледіОсыған қатысты өзгерістер тиісті нормативтік-құқықтық құжаттар қабылданғаннан кейін енгізіледі деп жоспарланып отыр

Бұдан әрі "актуарлық талдаудемографиялық трендтер және зейнетақы жинақтарыныңағындары" тақырыбында "БЖЗҚ" АҚ Стратегиялық даму департаменті директорыныңорынбасары Абылай Жексембай баяндама жасадыОл ҚК мүшелерін биылғы 1 қаңтардағы елдегі демографиялық жағдаймен таныстырдыҚазақстан халқының саны 20 283 399 адамБұл өткен жылғы көрсеткіштен 1,23% - ға жоғары. 25 жасқа дейінгіазаматтардың үлесі өткен жылмен салыстырғанда 0,2% - ға өсіп, 42,8% құрадыСондай-аққарт адамдар (65+) үлесі 0,3% - ға көбейіпхалықтың жалпы санының 9,2% құрадыА.Жексембайдың айтуыншахалық санының көбеюімен қатар қарт адамдардың үлесітұрақты түрде өседі. 2050 жылға қарай отандастарымыздың   саны 26,5 млн болады депкүтілуде және осы кезеңде еңбекке қабілетті жастағы (25-64) азаматтар қатарызейнеткерлерге (65+) қарағанда бір жарым есеге азаядыБұл мәселе тек Қазақстанғақатысты емес. БҰҰ болжамы бойыншаәлемнің көптеген елдері әлеуетті қолдаукоэффициентінің төмендеу процесіне тап боладыОсыған байланысты баяндамашыхалықты міндетті әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандырумәселелеріне қатысты халықаралық тәжірибедегі мысалдармен бөлістіСондай-ақболашақта туындауы ықтимал мәселерді шешудің бір жолытұрақты зейнетақыжүйелеріне көшуБұл көп деңгейлі зейнетақы жүйелерін құрумемлекетқызметкер жәнежұмыс беруші арасындағы зейнетақымен қамсыздандыру жауапкершілігін өзара бөлісуДәл осындай жүйе қазір Қазақстанда іске асырылуда. БЖЗҚ өкілі атап өткендейMercerCFA Institute Global Pension Index (MCGPI) халықаралық рейтингіне сәйкесҚазақстанныңзейнетақы жүйесі 2024 жылдың қорытындысы бойынша АҚШ, Испания, ЖапонияОңтүстік Корея, ҚытайСауд Арабиясы және басқа елдерден озып, 24-ші орынға иеболдыЗейнетақы жүйелерін кешенді зерттеуді ұсынатын 2024 жылғы халықаралықрейтингке әлемнің 48 елі кірдіБұдан әрі отырысқа қатысушыларға зейнетақы жүйесініңжеткіліктілік деңгейін айқындайтын негізгі көрсеткіштердің бірітабысты алмастырукоэффициенті (КЗД) бойынша деректер ұсынылдыОл зейнеткердің бұрынғыжалақысының қанша бөлігін зейнетақы түрінде алатынын көрсетеді. 2024 жылы жұмысберушінің міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) енгізу дұрыс шешім болғандығы жәнеоларды зейнетақы жүйесінде сақтау қажет екендігі атап өтілді

Отырыс соңында БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңес төрағасы Евгений Сейпульник ұйыммүшелерін 2024 жылы атқарылған жұмыстар туралы есеппен таныстырды

"БЖЗҚ" АҚ Қоғамдық кеңесінің отырысында ұсынылған материалдармен толығырақenpf.kz сайтынанҚоғамдық кеңесотырыстар хаттамалары мен презентацияларбөлімінде танысуға болады

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

 

 

Дата публикации
14 июля 2025