Жуалы ауданының жергілікті атқарушы органдардың
2025 жылдың ІІ тоқсанында
көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Жуалы ауданының жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай - ЖАО)
52 мемлекеттік қызмет түрі (кіші түрмен қосқанда 96 мемлекеттік қызмет) көрсетіледі.
Оның ішінде:
2024 жылдың ІІ тоқсанында аудан бойынша ЖАО 1779 мың мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
Оның ішінде:
Есепті мерзімде ЖАО қызмет берушілері 50 қызметті көрсетуден дәлелді бас тартты. Аталған бас тартулардың негізгі себептері қызмет алушылардың құжаттар топтамасын толық ұсынбауы немесе дұрыс толтырмауы.
2025 жылдың ІІ тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағым түспеген.
Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер жоқ.
ЖАО есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 3097 мың халықты қамтыған 22 түсіндірме іс-шараларын (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) жүргізді.
2025 жылдың ІІ тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан ЖАО-ның
0 қызметкерлері өтті.
2025 жылдың ІІ тоқсанында
көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапасына жүргізілген
ішкі бақылау мен ішкі байқау шаралары бойынша қысқаша есебі
Жуалы ауданының жергілікті атқарушы органдарының ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлері бекітілген жоспарға сәйкес, есепті кезеңде 1 ішкі бақылау жұмыстары қамтыды. (1 нысан).
Нәтижесінде 4 бұзушылық анықталды және 2 ұсыныс әзірленіп, толығымен орындалды.
Бақылаумен анықталған бұзушылықтардың ішінде, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процесін) бұзу
3 фактісі, мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелсіз бас тарту 1 фактісі анықталды.
Ішкі байқау шаралары бойынша
Жуалы ауданының жергілікті атқарушы органдарының ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлерімен, есепті кезеңде 1 ішкі байқау жұмыстары қамтыды. (1 нысан).
Нәтижесінде 39 бұзушылық анықталды және 4 ұсыныс әзірленіп, толығымен орындалды.
Бақылаумен анықталған бұзушылықтардың ішінде заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған, сондай-ақ онда көрсетілген құжаттар немесе мәліметтер тізбесі заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету 1 фактісі, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың өзге де талаптары бұзылған жағдайларда жүзеге асырылу 38 фактісі анықталды.