Жуалы ауданы Боралдай, Қарасаз және Мыңбұлақ ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

Жуалы  ауданы  Боралдай, Қарасаз және Мыңбұлақ  ауылдық округтері

әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1 бабы 1-тармағына сәйкес Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1.  2025 жылғы 18 мамырға  Жуалы  ауданы Боралдай, Қарасаз және Мыңбұлақ  ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы тағайындалсын.
  2. 2025 жылғы 18 мамырға тағайындалған Жуалы ауданы Боралдай, Қарасаз және Мыңбұлақ ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының №1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «Jana omir -Новая жизнь» газетінде жариялансын.

 

Төраға                                                                 Н.Алтыбаева

Хатшы                                                                  Ш.Боранбаев

 

 

Б.Момышұлы ауылы,

09 сәуір 2025 жыл

№2 

Дата публикации
09 апреля 2025