Жуалы ауданында Боралдай, Қарасаз және Мыңбұлақ ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы

Жуалы ауданында Боралдай, Қарасаз және Мыңбұлақ 

ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау бойынша сайлау

округтерін құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының  4-тармағына, 22-бабына сәйкес Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жуалы ауданының Боралдай, Қарасаз және Мыңбұлақ ауылдық округтері әкімдерін сайлау бойынша Боралдай, Қарасаз және Мыңбұлақ ауылдық округтерінің шекараларында сайлау округтері құрылсын.
  2. Сайлау округтері және олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетілген мәліметтер Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «Jana omir-Новая жизнь» газетінде жариялансын.

 

Төраға                                                                  Н.Алтыбаева  

Хатшы                                                                  Ш.Боранбаев

 

 

Б.Момышұлы ауылы,

09 сәуір 2025 жыл

№1 

Дата публикации
09 апреля 2025