Жуалы ауданының жергілікті атқарушы органдарында 2024 жылдың 12 айында мемлекеттік көрсетілген қызметтерінің талдау анықтамасы

Жуалы ауданының жергілікті атқарушы органдардың

2024 жылдың 12 айындағы

көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Жуалы ауданының жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай - ЖАО)

52 мемлекеттік қызмет түрі (кіші түрмен қосқанда 96 мемлекеттік қызмет) көрсетіледі.

Оның ішінде:

- қағаз түрінде – 42 қызмет түрі (43,8 %);

- электронды түрде – 3 қызмет (3,1 %);

- мемлекеттік корпорация арқылы   – 51 қызмет (53,1%).

2024 жылдың 12 айында облыс бойынша ЖАО-мен
6 146  мемлекеттік қызметтер көрсетілген. 

Оның ішінде:

  • электронды түрде – 4838 қызмет (78,72 %);
  • қағаз түрінде – 576 қызмет (9,37%);
  • мемлекеттік корпорация арқылы – 732 қызмет (11,91%).

Есепті мерзімде ЖАО қызмет берушілері 821 қызметті көрсетуден бас тартты. Аталған бас тартулардың негізгі себептері қызмет алушылардың құжаттар топтамасын толық ұсынбауы немесе дұрыс толтырмауы.

2024 жылдың 12 айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге
 шағым түспеген.

Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны – 2.

Жуалы ауданының ЖАО-мен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 2024 жылдың 12 айында 84 түсіндірме                 іс-шараларын (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) жүргізді.

         2024 жылдың 12 айында ЖАО-ның 1 қызметкеі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

 

Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің сапасына жүргізілген

 ішкі бақылау жұмыстары бойынша

2024 жылдың 12 айының қысқаша есебі

 

«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының» (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген) 37-тармағына сәйкес Жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау іс-шараларының жоспары бойынша 2024 жылдың 12 айында
7 бақылау іс-шаралары (7 нысан).

Оның ішінде 2 бақылау іс-шаралары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерлерін сарапшы ретінде тарта отырып ұйымдастырылды.

Нәтижесінде, қызмет берушілердің кінәсінен (субъективті себептерінен), яғни жауапкершіліктерінің және біліктіліктерінің төмендігінен, сонымен қатар уақытылы әрекет етпеулерінің салдарынан жіберілген 68 заңбұзушылық анықталды.

Сонымен қатар, бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша
3 жауапты тұлғаға тәртіптік шаралар қабылданды.

Бақылау іс-шарасының қорытындысы бойынша 12 ұсыныс әзірленіп, толығымен орындалды.

 

Дата публикации
06 февраля 2025