2024 жылғы 15 қарашадағы
конкурстық комиссия отырысының
№23 Х А Т Т А М А С Ы Н Ы Ң
көшірмесі.
Конкурстық комиссияның шешімімен:
- Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімі аппаратының басшысы (санаты Е-2,
1 бірлік) (Лауазым №4-06-1-4) бос лауазымына Жақсылық Жасөркен Берікұлының кандидатурасы ұсынылсын;
- Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы (санаты E-R-4, 1 бірлік) (Лауазым №4-06-2-7-3) (уақытша, негізгі қызметкердің жүктілік пен босануына байланысты демалысы мерзіміне 2025 жылғы 3 ақпанға дейін) бос лауазымына Әбдікәрім Диас Рәпілұлының кандидатурасы ұсынылсын;
- Жамбыл облысы Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (санаты E-G-3, 1 бірлік) (Лауазым №4-06-3-5-3) бос лауазымына Сактаганов Бахтибек Олимбекулының кандидатурасы ұсынылсын.
Бос лауазымдарға орналасуға құжаттар тапсырған кандидаттардың
болмауына байланысты аталған лауазымдар бос деп танылсын:
- Жамбыл облысы Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылы әкімі аппаратының есеп бөлімшесінің басшысы (санаты E-G-2, 1 бірлік) (Лауазым №4-06-3-1-3);
- Жамбыл облысы Жуалы ауданы Күреңбел ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман - әлеуметтік сала маманы (санаты E-G-3, 1 бірлік) (Лауазым №4-06-3-7-4) (уақытша, негізгі қызметкердің жүктілік пен босануына байланысты демалысы мерзіміне 2024 жылғы 4 желтоқсанға дейін);
- Жамбыл облысы Жуалы ауданы Қошқарата ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман - іс қағаздарын жүргізуші (санаты E-G-3, 1 бірлік) (Лауазым №4-06-3-11-4).