Республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша Жуалы аудандық аумақтық референдум комиссиясының отырысы

  Республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу

 мәселелері бойынша Жуалы аудандық аумақтық референдум комиссиясының отырысы 

 2024 жылғы 3 қыркүйекте 2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдум өткізу жөніндегі науқан шеңберінде Жуалы аудандық референдум комиссиясының отырысы өтті, онда мынадай мәселелер қаралды:

  1. 2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарына сәйкес жұмыстарды атқару туралы.
  2. Аудандық референдум комиссиясының мүшелерінің арасында міндеттемелерді бөлу туралы.
  3. Аудандық референдум комиссиясының және учаскелік референдум комиссияларының кезекшілік кестелері мен комиссия мүшелерінің келісім-шарт негізіндегі жұмыстары туралы.

 Отырысты аудандық референдум комиссиясы төрағасы Н.Алтыбаева ашып, Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 2 қыркүйектегі №636 Жарлығымен 2024 жылдың 6 қазанына республикалық референдум тағайындалғанын мәлімдеді және қатысушыларды күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды.

Мемлекет басшысының шешіміне сәйкес атом электр станциясын салу мәселесі азаматтардың пікірін ескеру мақсатында жалпыұлттық референдум арқылы шешілетінін атап өтті.     

Аудандық референдум комиссиясы төрағасы республикалық референдум тағайындалған сәттен бастап тиісті сайлау комиссиялары референдум комиссияларының функцияларын орындайтыны туралы түсіндірді. 2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарына сәйкес жұмыстарды атқару керектігін айтты. Сонымен қатар, аудандық референдум комиссиясының мүшелерінің арасында міндеттемелерді бөлу бойынша ұсыныс жасады. Референдум  комиссия мүшелері  міндеттемелерді бөлу бойынша ұсынысты бірауыздан мақұлдады. Одан бөлек, референдумды ұйымдастыру және өткізу үшін референдум комиссияларының қызметтерін қаржыландыру тәртібі, жалақы төлеу бойынша бекітілген нормативтері туралы баяндап, комиссиялардың демалыс, мереке күндері, жұмыс уақытынан тыс уақыттағы кезекшілікке шығатын кезекшілік кестесін бекіту, аудандық референдум комиссия төрағасының барлық комиссия мүшелерімен тиісті кезендерге келісім-шарттарын рәсімдеу қажеттігін айтты.

Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе, комиссия тиісті шешімдер  қабылдады.

Дата публикации
06 сентября 2024