2024 жылғы 14 шілдеде өткен Жамбыл облысы Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылы, Ақтөбе және Шақпақ ауылдық округтері әкімдерін сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

 2024 жылғы 14 шілдеде өткен Жамбыл облысы Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылы, Ақтөбе және Шақпақ ауылдық округтері әкімдерін сайлау қорытындылары туралы

ХАБАРЛАМА

2024 жылғы 14 шілдеде Жамбыл облысы Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылы, Ақтөбе және Шақпақ ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті.

Б.Момышұлы ауылы бойынша:

Сайлаушылар тізіміне 9175 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 1160 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 40 сайлаушы қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны - 3.

Б.Момышұлы ауылы әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Бейсекулов Казыбек Альжапарович үшін сайлаушылардың 473 дауысы берілді,

Кусембаев Ратбек Канатбекович үшін сайлаушылардың 594 дауысы берілді.

Кыдырбаев Даулеткали Оспангалиевич үшін сайлаушылардың 28 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 13.

Сайлау қорытындыларымен: Б.Момышұлы ауылының әкімі болып Кусембаев Ратбек Канатбекович сайланды. 1989 жылы туған, «Жуалы ауданы әкімінің аппараты» КММ-сі, аппарат басшысы, Жамбыл облысы Жуалы ауданы Күренбел ауылының тұрғыны.

Ақтөбе ауылдық округі бойынша:

Сайлаушылар тізіміне 1388 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 1172 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 12 сайлаушы қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны - 3.

Ақтөбе ауылдық округі әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Жакипбеков Галым Туреханович үшін сайлаушылардың 1016 дауысы берілді,

Назарбеков Руслан Жүрсінбекұлы үшін сайлаушылардың 59 дауысы берілді.

Уәлихан Сейітжан Жарылқасынұлы үшін сайлаушылардың 92 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 2.

Сайлау қорытындыларымен: Ақтөбе ауылдық округінің әкімі болып Жакипбеков Галым Туреханович сайланды. 1982 жылы туған, «Ақтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-сі, іс жүргізу және есеп бөлімшесінің басшысы, Жамбыл облысы Жуалы ауданы Бәйтерек ауылының тұрғыны.

Шақпақ ауылдық округі бойынша:

Сайлаушылар тізіміне 2363 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 1850 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 35 сайлаушы қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны - 3.

Шақпақ ауылдық округі әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Арымбаев Нұрғазы Рәсілбайұлы үшін сайлаушылардың 243 дауысы берілді,

Балтабаев Нурбакыт Айдарханович үшін сайлаушылардың 1522 дауысы берілді.

Утепов Канат Амирханович үшін сайлаушылардың 53 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 13.

Сайлау қорытындыларымен: Шақпақ ауылдық округінің әкімі болып Балтабаев Нурбакыт Айдарханович сайланды. 1990 жылы туған, «Жуалы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ-сі, бөлім басшысы, Жамбыл облысы Жуалы ауданы Амансай ауылының тұрғыны.

 

Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
15 июля 2024