Жуалы ауданының Б.Момышұлы ауылы, Ақтөбе және Шақпақ ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

Жуалы аудандық сайлау комиссиясының шешімі

№10

05.06.2024 ж.

 

 

Жуалы ауданының Б.Момышұлы ауылы, Ақтөбе және Шақпақ ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

 

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабы 1-тармағы 1-тармақшасына сәйкес Жуалы аудандық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:

 

  1. Жуалы ауданында 2024 жылғы 14 шілдеге Б.Момышұлы ауылы, Ақтөбе және Шақпақ ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы тағайындалсын.

 

  1. 2024 жылғы 14 шілдеге тағайындалған Жуалы ауданының Б.Момышұлы ауылы, Ақтөбе және Шақпақ ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

 

  1. Осы шешім Жуалы аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Jana omir -Новая жизнь» газетінде жариялансын.

 

 

Жуалы аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                               Н.Алтыбаева

 

Жуалы аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы                               Ш.Боранбаев

 

 

 

 

Дата публикации
05 июня 2024