Жуалы ауданында ауыл және ауылдық округтердің әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы

Жуалы аудандық сайлау комиссиясының шешімі

№9

05.06.2024 ж.

 

Жуалы ауданында ауыл және ауылдық округтердің әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы

 

 

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Жуалы аудандық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:

  1. Жуалы ауданының ауыл және ауылдық округтері әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру:

1) Б.Момышұлы ауылы әкімін – Б.Момышұлы ауылының шекараларында Б.Момышұлы ауылындағы сайлау округін;

2) Ақтөбе ауылдық округі әкімін – Бәйтерек ауылының, «Ақсуат» шекара заставасының, Жаңаталап, Ақтоған ауылдарының, Күркіреусу бекетінің шекараларында Ақтөбе сайлау округін;

3) Шақпақ ауылдық округі әкімін – Тәттібай Дүйсебайұлы, Шақпақата, Амансай ауылдарының, Шақпақ стансасының, Ынтымақ ауылының шекараларында Шақпақ сайлау округін;

  1. Сайлау округтерінің тізімі, олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, Жуалы аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Jana omir-Новая жизнь» газетінде жариялансын.

 

 

Жуалы аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                  Н.Алтыбаева

 

Жуалы аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы                                        Ш.Боранбаев

 

Дата публикации
05 июня 2024