Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Жуалы ауданында ауыл және ауылдық округтердің әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру және Жуалы ауданының Б.Момышұлы ауылы, Ақтөбе және Шақпақ ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы хабары
Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылдың 5-ші маусымында Жуалы ауданында ауыл және ауылдық округтердің әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру және Б.Момышұлы ауылы, Ақтөбе және Шақпақ ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы отырысын өткізді.
Жуалы аудандық сайлау комиссиясының отырысын комиссия төрағасы Н.Алтыбаева ашып, қатысушыларға Жуалы ауданында ауыл және ауылдық округтердің әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы және Жуалы ауданының Б.Момышұлы ауылы, Ақтөбе, Шақпақ ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы және Б.Момышұлы ауылы, Ақтөбе және Шақпақ округтері әкімдерінің сайлауын өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын дайындау қажеттігін айтты. Комиссия мүшесі Т.Бұрылбай 2024 жылғы 14 шілдеге тағайындалған Жуалы ауданының Б.Момышұлы ауылы, Ақтөбе және Шақпақ ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын 2024 жылғы 5 маусыммен бекітуді ұсынды. Комиссия келесі шешімдерді қабылдады:
Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы