Жуалы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Жуалы ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келіп, әлеуметтік қолдау шараларын алуға (жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредит) өтініш білдірген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласының мамандары, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері Қағидалардың 19-тармағына сәйкес, әлеуметтік қолдау шараларын алушы үміткерлердің қатарынан мамандардың өтініш берген күні бойынша 1-2 қосымшаларға сәйкес, кезектілік қалыптастырылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Асхат Жабағы Базарбайұлына жүктелсін.