Жуалы ауданының жергілікті атқарушы органдарында 2024 жылдың І тоқсанында мемлекеттік көрсетілген қызметтерінің талдау анықтамасы

Жуалы ауданының жергілікті атқарушы органдардың

2024 жылдың  I тоқсанында

көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Жуалы ауданының жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай - ЖАО)
52 мемлекеттік қызмет түрі (кіші түрмен қосқанда 96 мемлекеттік қызмет) көрсетіледі.

Оның ішінде:

  • қағаз түрінде – 42 қызмет түрі (43,8 %);
  • электронды түрде – 3 қызмет (3,1 %);
  • мемлекеттік корпорация арқылы – 51 қызмет (53,1%).

2024 жылдың I тоқсанында аудан бойынша ЖАО 1628 мың мемлекеттік қызметтер көрсетілген. 

Оның ішінде:

  • электронды түрде –   1506 қызмет (92,51 %);
  • қағаз түрінде –     4 қызмет (0,25 %);
  • қағаз түрінде (баламалы) –   77 қызмет (4,73%). 
  • мемлекеттік корпорация арқылы – 41 қызмет (2,52 %).

 

Есепті мерзімде ЖАО қызмет берушілері 121 қызметті көрсетуден дәлелді бас тартты. Аталған бас тартулардың негізгі себептері қызмет алушылардың құжаттар топтамасын толық ұсынбауы немесе дұрыс толтырмауы.

2024 жылдың І тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағым түспеген.

Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер  жоқ.

ЖАО есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 1983 мың халықты қамтыған 23 түсіндірме   іс-шараларын (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) жүргізді.

 2024 жылдың І тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан ЖАО-ның
1 қызметкерлері өтті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2024 жылдың  І тоқсанында

көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапасын

ішкі бақылау бойынша қысқаша есебі

 

Жуалы ауданының жергілікті атқарушы органдарының ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлері бекітілген жоспарға сәйкес, есепті кезеңде 2 ішкі бақылау жұмыстары  қамтыды. (2 нысан).

Нәтижесінде  6  бұзушылық анықталды және 2 ұсыныс әзірленіп, толығымен орындалды.

         Бақылаумен анықталған бұзушылықтардың ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімінің бұзылуының 0 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған кезде мемлекеттік қызметті көрсетудің
0 фактісі, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процесін) бұзудың  5 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен көзделген жұмыс кестесін сақтамаудың 0 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзудың
1 фактісі анықталды.

 

Дата публикации
03 апреля 2024