2024 жылы 13 наурызда Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Отырысқа аудандық сайлау комиссиясының мүшелері қатысты. Күн тәртібінде сайлау комиссиясы құрамынан шығып қалған комиссия төрағасы орынбасарының орнына жаңадан комиссия төрағасының орынбасарын сайлау мәселесі қаралды. Мәселені қорытындылай келе, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабы 3-тармағына және 19-бабының 3-тармағына сәйкес Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы комиссия төрағасының орынбасары болып Данияров Бахытжан Есентаевич сайланғандығы туралы шешім шығарды.