Аудан әкімдігінің 2024 жылғы 20 ақпандағы «Жуалы ауданының
ауылдық елдi мекендеріне жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, Бауыржан Момышұлы ауылы, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсетуге кезектілікке қою туралы» №35 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Жуалы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жуалы ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келіп, әлеуметтік қолдау шараларын алуға (жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы) және (бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредиттер) алуға өтініш білдірген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласының мамандары, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері Қағидалардың 19-тармағына сәйкес, әлеуметтік қолдау шараларын алушы үміткерлердің қатарынан мамандардың өтініш берген күні бойынша 1-2 қосымшаларға сәйкес, кезектілік қалыптастырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Жабағы Асхат Базарбайұлына жүктелсін.