Бюджеттік кредит қарызы туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 179, 192 баптарына және Сенiм бiлдiрiлген өкiлдің (агенттің) «Отбасы банк» АҚ Жамбыл филиалының 10.01.2024 жылғы жағдайы бойынша «Қарыз алушылардың қарыз шарттарының міндеттемелерін орындауы туралы» есептілігіне сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Пралиев Нурлан Нургалиевич қарыз шарттарының талаптарын орындамауына байланысты, Тапсырма келісім-шарттарына сәйкес «Отбасы банк» АҚ Жамбыл филиалы (Сенім білдірілген Агент) берешектерді қайтару бойынша жұмыстар жүргізсін.
- Аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі борышкердің құжаттарын қарыз бойынша жұмыс жүргізу үшін «Отбасы банк» АҚ Жамбыл филиалына (Сенім білдірілген Агентке) тапсыруды қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Жабағы Асхат Базарбайұлына жүктелсін.
Аудан әкімі Ж.Мұртаз