Жуалы ауданының жергілікті атқарушы органдарында 2023 жылдың 12 айында мемлекеттік көрсетілген қызметтерінің талдау анықтамасы

Жуалы ауданы әкімінің аппараты

Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша

2023 жылдың 12 айының қысқаша есебі

 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Жуалы ауданының жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай - ЖАО)

52 мемлекеттік қызмет түрі (кіші түрмен қосқанда 97 мемлекеттік қызмет) көрсетіледі.

Оның ішінде:

  • қағаз түрінде – 3 қызмет түрі (3,2 %);
  • электронды түрде – 47 қызмет (48,4 %);
  • мемлекеттік корпорация арқылы – 47 қызмет (48,4 %).

           2023 жылдың 12 айында жергілікті атқарушы органдармен 13 807 қызмет көрсетілді.

Оның ішінде:

  • Электронды түрде – 11267 (81,6%)
  • Қағаз түрінде – 19 (0,14%)
  • Баламалы қағаз түрінде – 675 (4,89%)
  • Мемлекеттік корпорация арқылы - 1846 (13,37%)

Осы мерзімде ЖАО қызмет берушілері  495  қызметті көрсетуден бас тартты. Аталған бас тартулардың негізгі себептері қызмет алушылардың құжаттар топтамасын толық ұсынбауы немесе дұрыс толтырмауы.

2023 жылдың 12 айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге
 шағым түспеген.

Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны – 3.

Жуалы ауданының ЖАО-мен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша            2023 жылдың 12 айында  82 түсіндірме  іс-шаралар жүргізіп (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер)  5060  халық қамтылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің сапасына жүргізілген

 ішкі бақылау жұмыстары бойынша

2023 жылдың 12 айының қысқаша есебі

 Есепті мерзімде Жуалы ауданының жергілікті атқарушы органдарының ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлері бекітілген жоспарға сәйкес, 2023 жылдың 12 айында 5  ішкі бақылау жұмыстары жүргізіп, 5 жергілікті атқарушы органдарды қамтыды (жалпы 5 нысан).  Нәтижесінде      6  бұзушылықтар анықталды және 5 ұсыныс әзірленіп, толығымен орындалды.

Анықталған бұзушылықтардың ішінде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімінің бұзылудың             0 фактісі, мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту мерзімінің бұзылудың 0 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған кезде мемлекеттік қызметті көрсетудің 0 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделмеген құжаттарды талап етудің 0 фактісі, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процесін) бұзудың 0 фактісі, мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелсіз бас тартудың 0 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен көзделген жұмыс кестесін сақтамаудың 0 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзудың 6 фактісі анықталды.

Бақылау іс-шарасының қорытындысы бойынша 5 ұсыныс әзірленіп, толығымен орындалды.

 

Дата публикации
15 января 2024