Жуалы ауданының жергілікті атқарушы органдарында 2023 жылдың ІV тоқсанында мемлекеттік көрсетілген қызметтерінің талдау анықтамасы

Жуалы ауданының жергілікті атқарушы органдардың

2023 жылдың IV тоқсанында

көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі

 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Жуалы ауданының жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай - ЖАО)
52 мемлекеттік қызмет түрі (кіші түрмен қосқанда 97 мемлекеттік қызмет) көрсетіледі.

Оның ішінде:

  • қағаз түрінде – 3 қызмет түрі (3,2 %);
  • электронды түрде – 47 қызмет (48,4 %);
  • мемлекеттік корпорация арқылы – 47 қызмет (48,4 %).

2023 жылдың IV тоқсанында аудан бойынша ЖАО 1377 мың мемлекеттік қызметтер көрсетілген. 

Оның ішінде:

  • электронды түрде –   1136 қызмет (82,5 %);
  • қағаз түрінде –     2 қызмет (0,15 %);
  • қағаз түрінде (баламалы) –   72 қызмет (5,23%). 
  • мемлекеттік корпорация арқылы – 167 қызмет (12,12 %).

Есепті мерзімде ЖАО қызмет берушілері 120 қызметті көрсетуден дәлелді бас тартты. Аталған бас тартулардың негізгі себептері қызмет алушылардың құжаттар топтамасын толық ұсынбауы немесе дұрыс толтырмауы.

2023 жылдың ІV тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағым түспеген.

Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер  жоқ.

ЖАО есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 854 мың халықты қамтыған 17 түсіндірме іс-шараларын (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) жүргізді.

         2023 жылдың ІV тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан ЖАО-ның
4 қызметкерлері өтті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2023 жылдың ІV тоқсанында

көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапасын

ішкі бақылау бойынша қысқаша есебі

 

Жуалы ауданының жергілікті атқарушы органдарының ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлері бекітілген жоспарға сәйкес, есепті кезеңде 1 ішкі бақылау жұмыстары және 16 мемлекетті қызметтер көрсету сапасын мониторинг жұмыстарын жүргізіп, 17 жергілікті атқарушы органдар қамтыды. (17 нысан).

Нәтижесінде  24  бұзушылық анықталды және 1 ұсыныс әзірленіп, толығымен орындалды.

         Бақылаумен анықталған бұзушылықтардың ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімінің бұзылуының 0 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған кезде мемлекеттік қызметті көрсетудің
0 фактісі, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процесін) бұзудың 0 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен көзделген жұмыс кестесін сақтамаудың 0 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзудың
24 фактісі анықталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
15 января 2024